|
Қызметтің бағыты
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министірлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1.Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министірлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) - Мекеме аумағында ландшафтық және биологиялық сан алуандықты сақтау және қалпына келтіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру, табиғи ресурстарды орнықты және теңгерімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне және республикалық маңызы бар санатқа ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мекеме түрі – республикалық мемлекеттік мекеме.
3. Мекеме «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 75 қаулысына сәйкес құрылды.
4. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
5. Мекеменің мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министірлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті болып табылады (бұдан әрі-уәкілетті орган).
6. Мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министірлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - республиканское государственное учреждение «Государственный лесной природный резерват «Семей орманы» Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан.
7. Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Красный Кордон кенті, Тұқтабаев көшесі, 19.
2. Мекеменің зандық мәртебесі
8. Мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен мезеттен бастап, мекеме құрылды деп есептелініп, заңды тұлға құқығына ие болады.
9. Мекеменің дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның бюджетті атқару жөніндегі аумақтық бөлімшесінде және банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі бар, мемлекеттік тілде атауы көрсетілген мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ рәміздері бар.
10. Мекеменің уәкілетті органында тіркелетін, белгіленген үлгідегі төлқұжаты болады.
11. Мекеме басқа мекеме құра алмайды, сондай ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы бола алмайды.
12. Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің қарауындағы ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы жауаптылықта болады.
13. Мекеме жасайтын азаматтық-құқықтық мәмілелері, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі қазынашылығының аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
3.Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
14. Мекеменің қызметінің мәні экологиялық ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсатта ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құнды мемлекеттік табиғи қорығының бірегей табиғат кешендері мен объектілерінің ландшафтық және биологиялық сан алуандығын сақтау, табиғатын қорғау.
15. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) экожүйелердің, эталондық және бірегей табиғи кешендер мен объктілердің тұтастығын, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау;
2) бүлінген табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді қалпына келтіру;
3) табиғи процестердің дамуын қаз қалпында зерделеу және экологиялық мониторингті жүргізу;
4) халыққа экологиялық оқу-ағартуды ұйымдастыру;
5) заңнамамен белгіленген тәртіппен экологиялық туризмді, рекреяцияны, шектеулі шаруашылық қызметті осы мақсаттар үшін айқындалған аймақтарда ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Ережемен бекітіліп берілген, Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттарына жатпайтын, қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілілір жасауға тиым салынады.
16. Мекеме қызметі мақсаттарына қарама қайшы, Қазақстан Республикасының заңдарымен не құрылтай құжаттармен шектелген мәмілелер, немесе басшының жарғыны бұзу арқылы жасаған мәмілелері, уәкілетті органның немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп есептелінуі мүмкін.
17. Мекеменің жарғыға сәйкес емес қызметті жүзеге асыруы, мекеме Бас директорының еңбек міндеттерін бұзуы болып табылады және тәртіптік жаза мен материалдық жауапкершілікке тартылады.
18. Мекеме өзінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен негізгі қызмет түріне жатпайтын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Мекеме аумағында ландшафтық және биологиялық саналуандықты сақтау және қалпына келтіру, табиғи ресурстарды орнықты және теңгерімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік табиғи-қорық қорын, тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді қалпына келтіру және пайдалану мәселелері бойынша бағдарламалар әзірлеуге және орындауға қатысу;
3) Мекеме аумағында және оның күзет аймағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнама, орман заңнамасы және жануарлар дүниесі туралы заңнама талаптарының сақталуы жөнінде тексерулер өткізу;
4) Мекеме аумағында ғылыми зерттеулер жүргізу;
5) ормандарды, жануарлар дүниесін, табиғи-қорық қорының басқа да объектілерін күзетуді, қорғауды, молықтыруды қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсерлердің алдын алу және жою жөнінде қорғау іс-шараларын орындау;
7) Мекеме аумағы мен табиғи ресурстарды белдемделуіне сәйкес ғылыми, экологиялық-ағарту, рекреациялық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалану, оның ішінде бөрене ағаштар кесу, сүректен құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар, ағаш бұйымдарын, кәдесыйлық өнімдерін өндіру, құрылыс және монтаждау жұмыстары;
8) табиғат қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимыл;
9) орман қоры мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, ормандар мониторингін, мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін есепке алуды және олардың кадастрын жүргізуге қатысу;
10) экологиялық мониторингті жүргізу.
19. Мекеме өзінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен негізгі қызмет түріне жатпайтын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларың, көлік тұрақтарын, кемпингтер, киіз үйлер, шатырлы лагерьлер, қонақ үйлер, мотельдер, туристік базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді беру;
2) әуесқой (спорттық) аң аулау мен балық аулауды жүргізу;
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және тірі мүйістерде болу және оларды зерделеу кезінде жолсеріктер, экскурсия ұйымдастырушылар, гидтер және аудармашылар қызметтерін, кино, бейне және фототүсірмелер жасау қызметтерін ұсыну;
4) көлік қызметтерін, аттар ұсыну;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақты санитарлық тазарту және көркейту жөнінде қызметтер ұсыну;
6) қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнім өндіру жөнінде қызметтер ұсыну;
7) шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу, оның ішінде кәдесыйлық өнімдерін өндіру, қолөнер және халықтық кәсіпшіліктерін жүргізу, жарнама өнімі шығару, аралық мақсатта және басқа да мақсаттарда пайдалану үшін ағаш кесуден жасалған тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізу;
8) жанама орман пайдалануды жүргізу және оны өңдеуден түскен өнімді өткізу;
9) егу материалын өсіру;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлерде қорғаныштық және көгалдандыру екпелерін құру;
11) биотехникалық іс-шаралар жүргізу үшін өнім өндіру;
12) рекреациялық, туристік және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жеке және заңды тұлғалармен жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнім өндіру және қызмет көрсету;
13) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Мекеме рәміздерін пайдалануға рұқсаттар беру.
20. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің негізгі қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Мекеме өзінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) ерекше қорғалатың табиғи аумақтарды ғылыми, экологиялық ағарту, рекреациялық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануға рұқсаттар беруге;
2) өзінің функцияларын орындау үшін қажет ақпаратты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
3) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес істерді қарауға және әкімшілік тәртіп шараларын қолдануға;
4) Мекеме аумағында жүрген тұлғалардан осында келу құқығына берілген рұқсатты тексеруге;
5) Мекеме аумақтарына іргелес күзет аймағының аумақтарында табиғатты пайдалануды және өзге де қызметтерді жүзеге асыру құқығына берілген құжаттарды тексеруге;
6) Мекеме аумағы мен оның күзет аймағында ерекше қорғалатың табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған адамдарды бөгеуге және осы тәртіп бұзушыларды құқық қорғау органдарына жеткізуге;
7) ерекше қорғалатың табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылардан заңсыз табиғат пайдаланудың өнімдері мен құрал-саймандарын, көлік құралдарын, сондай-ақ тиісті құжаттарды алуға;
8) Мекеме аумағы мен күзет аймағында көлік құралдарын тексеруге;
9) ерекше қорғалатың табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру үшін Мекеме аумағы мен күзет аймағында орналасқан кез келген объектілерге баруға;
10) мемлекеттік орман табиғи резерваты мен оның күзет аймағының ерекше қорғау режиміне сәйкес келмейтін шаруашылық қызметті тоқтата тұруға;
11) Мекеменің белгіленген күзет режимін бұзу салдарынан мемлекеттік орман табиғи резерватының табиғи кешендері мен объектілеріне келтірілген залалды өтеу есебіне Мекеме пайдасына қаражат өндіріп алу туралы жеке мен заңды тұлғаларға талап-арыздар беруге;
12) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, орман заңнамасын және жануарлар дүниесі туралы заңнаманы бұзу туралы материалдарды заңнамада көзделген жағдайларда құқық қорғау органдарына жіберуге құқығы бар.
4. Мекемені басқару
21. Мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министірлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жүзеге асырады.
22. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеме мүлікті бекітіп береді;
2) Мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) Мекеме мүлігінің сақталуына бақылау жасайды;
4) Мекеме Ережесін бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) Мекемені басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен мерзімін, Мекеменің шешімдерді қабылдау тәртібін белгілейді;
6) Мекеме Бас директорының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны қызметінен босату негіздерін айқындайды;
7) Мекеме құрылымын және Мекеменің шекті штаттық санын бекітеді;
8) Мекеме Бас директорының ұсынымы бойынша Мекеме директорының орынбасарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) жылдық қаржылық есепті бекітеді;
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарға Мекемеге берілген немесе оның өз шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікті қайта алуға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
11) Мекеменін филиалдар мен өкілдіктер құруына, сондай-ақ мекеме филиалдарының директорларын қызметке тағайындауды және қызметтен босатуға келісім береді;
12) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарының келісімімен Мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген, басқа міндеттерді жүзеге асырады.
23. Мекеменің Бас директоры уәкілетті органмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
24. Мекеменің Бас директоры Мекеме жұмысын ұйымдастырады және басқарады, тікелей уәкілетті органға бағынады және Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің негізгі қызмет түрлерінің жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болады.
Мекеменің Бас директоры жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын ғылыми-техникалық кеңес құрылады.
25. Мекеменің Бас директоры дара басшылық қағидаларымен әрекет етеді және Мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережеде айқындалатын өзінің құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
26. Мекеменің Бас директоры заңнама белгілеген тәртіппен қызметін жүзеге асырғанда:
1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық ұйымдарда Мекеме мүдделерін білдіреді;
3) заңнамада белгіленген жағдайлар мен шекте Мекеме мүлкіне иелік етеді;
4) шарттар жасасады;
5) сенімхаттар береді;
6) банктік шоттар ашады;
7) Мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) уәкілетті органмен келісім бойынша Мекеменің штат кестесін бекітеді;
9) Мекеме филиалдары туралы ережелерді бекітеді;
10) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін уәкілетті органға кандидатуралар ұсынады, сондай ақ уәкілетті органмен келісім бойынша Мекеме филиалдарының директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) өзінің орынбасарының және Мекеменің өзге де қызметкерлерінің қызмет міндеттерін және өкілеттіктері шеңберін айқындайды;
12) уәкілетті орган тағайындайтындардан басқа, Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
13) Мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар белгілейді;
14) өзінің құзыреттілік шегінде Мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жұмыстарын ұйымдастырады және осы жұмыстын жағдайына жеке жауап береді.
5. Мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
27. Мекеме мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құралады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Мекеме балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
28. Мекеме мүлкі оған жедел басқару құқығымен тиесілі болады және республикалық меншікке жатады.
29. Мекемеге бекітіліп берілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаржыларға сатып алынған мүлікті өз бетімен иелігінен шығаруға немесе басқа тәсілмен басқаруға құқығы жоқ.
30. Мекемені қаржыландыру:
1) республикалық бюджет қаражаты;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын Мекеме қаржаты:
ғылыми, мәдени ағарту, оқу, туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру кезінде жеке және заңды тұлғаларға ақылы қызметтер көрсету;
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Мекеме рәміздерін пайдалануға рұқсаттар беру;
баспа, кәдесый және басқа да көбейтілген өнім өндіруден алынған табыстар;
шектеулі шаруашылық қызметтен алынған қаражат;
жеке мен заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымдылық қаражаты есебінен жүргізіледі.
мемлекеттік табиғи-қорықтық қорының объектісі мен ерекше қорғалатын табиғи аумаққа келтірілген жеке және заңды тұлғалардан түскен залалдардан;
31. Мекеме заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік береді.
32. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру мен ревизия жүргізу заңнамамен белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Мекеменің жұмыс тәртібі
33. Мекеменің жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
7. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
34. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органның шешімімен енгізіледі.
35. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
36. Мекемені тарату және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
37. Мекеменің мындай филиалдары бар:
1) Беген, Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Беген ауылы;
2) Бородулиха, Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы;
3) Бөкебай, Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бөкебай ауылы;
4) Долон, Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Мостик ауылы;
5) Жанасемей, Шығыс Қазақстан облысы, ауданы, Жыланды ауылы;
6) Тау-Дала, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы;
7) Канонер, Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Қарамырза ауылы;
8) Мороз, Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Ерназар ауылы;
9) Новошульба, Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Боровлянка ауылы;
10) Семей, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Красный Кордон кенті.
38. Мекеме филиалы өзінің қызметін Мекеменің бас директоры бекітетін филиал туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
39. Филиал басшылары Мекеменің Бас директорымен берілген, сенімхат негізінде әрекет етеді.
|