|
Қызметтің бағыты
Туризм және рекреация
Услуги экологических троп
«Семей орманы» МОТР» ММ аумағында Святой ключ (Қасиетті бұлақ) туристік-экскурсиялық экологиялық соқпағы бар, мектеп оқушылардың, студенттердің, оқытушылардың, әуесқой туристтердің демалысына, тәрбие, тану, оқыту мақсаттарына арналған. Туристік – экскурсиялық соқпақтың паспорты ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 13.05.2012 жылғы № 190 бұйрығымен бекітілген.
Соқпақта экскурсанттар Семей Ертіс өңірінің табиғат байлықтарын (бірегей көне қарағай орманы, Ертіс трансшекаралық өзені, Старая крепость және Святой ключ – тарихи жерлерді) көруге, жануарлар және өсімдіктер дүниесімен, Семей қ. құрылу тарихымен танысуға, табиғат әлемінде тәртіп ережелеріне үйренуге, қарапайым туристік дағдыларды иелену, денені қасиетті сумен жууға, шипалы суды ішуге болады. Экскурсия жетекшісінен соқпақ туралы буклеттерді және басқа да ақпарат көздерін алуға болады.
Соқпақ, Семей қаласы Контрольный кентінің маңында «Семей орманы» МОТР» ММ Жаңасемей филиалының Подгороднее орманшылығынан және Семей – Майқапшағай трассасынан 300 м ара қашықтықта орналасқан. Орманшылыққа № 216 маршруттық таксимен жетуге болады.
Жылжу түрі - жаяу жүру, жұмыс істеу уақыты бойынша – маусымдық маусым басынан қазанға дейін, ұйымдастыру түрі бойынша топтық, жеке. Ұзақтығы, аялдамаларды санағанда 6 сағат. Ұзындығы 10 км (бір жаққа).
Бірінші көрініс алаңы – Моргунов көлі. Биікте кіреберіс арка, маршруттың схемасы, соқпақтағы тәртіп ережелері баяндалған ақпараттық қалқандар, аншлагтар орналасқан. Осы жерде адам қолымен жасалған көлдің мағынасы туралы, өсіп тұрған ағаш көшеттері (қайың, терек, долана, итшомырт, шеңгел, сан түрлі шөп) туралы, сондай-ақ қарағайлы орманның пайда болу тарихы туралы әңгіме жүргізіледі.
Екінші көрініс алаң - Строитель емдеу - сауықтыру орнының жанында Ертіс өзені, Семей- Тау тауларының көркем жерлеріне көрініс. Аталған алаң сілтегіш, аншлагпен жабдықталған. Белестің баурайынан Ертіс өзенінің құмды жағасына түсуге, мини-жағажай орналастыруға болады. Сұр қарлығаштың ұясы, бұлақ және қызыл балшықтың кені (Қызыл жар) бақылай аласыздар.
Үшінші көрініс алаң балалар лагері маңында орналасқан. Осы жерде демалу орны ұйымдастырылады.
Төртінші көрініс алаңы. Антропогендік факторды байқауға болады - орман өртінің орны.
Бесінші көрініс алаң – далашық. Орман биогеоценозын бақылай аласыз.
Алтыншы көрініс алаң Старая крепость кентінің маңында орналасқан. Экологиялық тақырыпта интеллектуалдық ойындар өткізіледі. Семей қ. және Старая крепость к. құрылу туралы әңгіме айтылады.
Ақырғы көрініс алаң – Святой ключ (Қасиетті бұлақ). Қасиетті бұлақтың тарихы туралы айтылады.
1719 жылы Петр 1 патшалығы кезінде Петербургтан Сібірге генерал – майор Лихарев іс-сапарға Усть-Каменогорск бекінісін салуға, жерлерді және құмды алтынның кен орнын зерттеуге жіберілді. Тобол қаласына жетіп, Лихарев 34 үлкен қайықтарды жабдықтап 1720 ж. 20 мамырында (ескі күнтізбе бойынша) 440 адамнан тұратын әскери жасақ пен бірнеше зеңбірекпен Ертіс өз. бойымен жоғары қарай Зайсан көліне жетуді меңзеп шықты. Сапар ұзақ және қаупті түсуде. Осы себепте, Абалацк мекеніне жетіп, Тобол қ. маңында Ертіс өзенінің оң жағажайында орналасқан, Лихарев жергілікті дін басын Құдай ананың Абалацк иконасын кемеге әкелуді өтінді. Дін қызметшісі дұға оқи бастағанда Лихаревтің кемелері өзімен өзі Ертіс бойымен жоғары қарай жүзе кетті. Барлығы таңғала қалды. Сонымен, Семипалатинск бекінісіне аман саулықта жетті, осы жерде Киелі Антоний мен Феодосий Печерскихтің ғибадатханасы орналасқан болатын. Кеме тұрған орнынан қанша тырысса да, қозғалмады. Лихарев осы жағдайды Құдайдың әміршілігі деп ұғынып, иконаны кемеден алып, бекіністегі ғибадатханаға қалдырып кетеді. Осыдан кейін кеме орнынан жеңіл жылжып, Лихарев жасақтарымен ары қарай сапарға аттанады. Ал икона Семипалатинскте қалады. 1840 ж. әскерлердің бірі, көзінің жазылуына алғыс ретінде бұлақтың басына Құдай ананың Семипалатинск - Абалацк иконасының жаңадан жасалған көшірмесі қойылған жерде кіші шіркеу орнатты. Аталған шіркеу өртеніп кеткен соң, 1885 ж. Павлодар көпесі А. Деров алдымен ағаш шіркеу жасады, содан Семипалатинсктің көпесі Ф. Плещеев тас шіркеу орнатты, алайда оны 1902 ж. құмды топырағының басылуына байланысты құрылыста үлкен жарық пайда болып, шіркеуді бұзуға тура келді. 1902 ж. Қасиетті бұлақта көптеген құрылыстар болған. 1903 ж. Аса қасиетті Синод қауым ұйымдастырды, мұнда 30 жесір мен жас қыздар қоныстады. Қасиетті тақсыр Омбы Сергий Епископынан қайырымдылық көмегі түсіп отырған, осы қаражаттарға қол шеберлігі шеберханасы, просфорня, жолаушылырды қабылдайтын үй және басқа да шаруашылық құрылыстар салынды. Осы жерде орыс офицерінен қызамықтан сауыққаны үшін алғыс ретінде қайырымдылықпен сыйға тартылған Владимирская Құдай ананың иконасы сақталған. Сол күннен бастап Құдай ананың Семипалатинск - Абалацк иконасына сыйынуға баратын құдайға сыйынушылар Қасиетті бұлаққа келіп, су ішіп, өздерімен үйге алған.
... 1919 жылға большевиктермен барлығы жойылды. Монастырь, шіркеу де жоқ болды. Тек 40-шы жж. Сталиннің бұйрығымен сыйынушыларға Воскресенский соборды қайтару туралы шешім қабылданды, қасиетті көзді күту жандандырылды. Бұл жерде қайтадан икона алдында шырақ жануда. Шоқындырылған жүріс 2000 жылдан басталды.
 |
 |
«Семей орманы» МОТР» ММ жеке және заңды тұлғаларға көрсететін қызметтер:
№ п/п
|
Қызметтердің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Ұзақтығы
|
Тариф, теңге
|
1 |
Туристік соқпақтарды, көрініс алаңдарды, демалу алаңқайларын беру |
1адам |
1 күн |
153 |
2 |
Экскурсия ұйымдастырушының қызметтерін көрсету |
1 адам |
1 күн |
137 |
3 |
Көлік қызметтерін көрсету:
- автобус
- жеңіл автокөлігі |
1 адам |
1 сағ. |
1723
1098 |
4 |
Шатырлы лагерьлер орналастыру орындар беру |
1 кв.м. |
1 тәулік |
45 |
2012 жылдың 16 тамызында «Семей орманы» МОТР» ММ туроператорлық қызметін жүзеге асыру лицензиясын алды, нөмірі ТО-1253, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетімен берілді.
2012 жылдың 1 қазанында резерват Қазақстандық туристік ассоциациясының мүшесіне кірді.
1 Қосымша
 |
 |
Сурет. 1. Қасиетті бұлақтағы купель. |
Сурет. 2. Қасиетті бұлақтағы шіркеу |
 |
|
Сурет. 3. Қызыл жар. |
|
|