Новости
19.08.2021
   

ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

   «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына қарасты Морозов филиалының аумағында орман өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу жаттығуларын өткізудегі негізгі мақсат – трансшекаралық сипаттағы ірі орман-дала өрттерін сөндіру бойынша бірлескен іс-қимылдар мәселесі төңірегіндегі дайындығын пысықтау.

Фото

   Жылына бір мәрте өтетін Қазақстан Республикасы және Ресей федерациясының шекаралас аумағындағы табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі бірлескен іс-қимылдарды пысықтау бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар биыл да жалауын көтерді. Бірлескен оқу- жаттығуға «Ертіс орманы» МОТР» РММ, облыстардың ТЖД, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК, Денсаулық сақтау қызметі және «Семей орманы» МОТР» РММ қатысты. Дәстүр бойынша әнұранмен басталған жиында әуелі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, артынша Ресей Федерациясының Гимні қойылды. Жиынға арнайы келген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов бірлескен іс-шараны салтанатты түрде ашып, өз ойын былай жеткізді.

Фото

   Жаздан бастап қоңыр күзге дейін өрттің қауіпті кезеңі екені бәрімізге белгілі. Өрт шекара, жер таңдамайды. Сондықтан, өрт шыға қалған жағдайда дер кезінде өшіру, онымен күресу жауапкершілікті, жылдамдықты қажет етеді. Міне, бүгінгі басқосу сол өртке қарсы дайындықты пысықтау, саралау болып табылады. Әсіресе, бірігіп іс атқаруда қателік жібермеу абзал. Мысалы, дәл қазіргі оқу-жаттығуға «Ертіс орманы» МОТР» РММ, облыстардың ТЖД, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК, «Семей орманы» МОТР» РММ сынды мекемелер қатысып жатыр. Бұлардың бір-бірімен байланысуы, бір жүйеде жұмыс жасауы, техникаларды қолдануы барлығы дерлік осы жаттығуда көрсетіледі. Кемшін тұсы болса тағы сарапталады. Ең бастысы, бүгінгі күнгі жаттығуда көрсетілгендей ешкім жарақат алмасын, шығын келмейтіндей қырағылық танытып, өрттің алдын алу қажет. Істеріңізге сәттілік!- деді ол.

Фото

   Биылғы оқу-жаттығуға 164 адам, 55 техника қатысты. Орман өртін дереу сөндіру үшін оқу-жаттығу орнында командалық автокөлік көмегімен штаб құрылды және жаттығу кезінде Өскемен, Нұр-Сұлтан қалаларымен бейнебайланыс орнатылды. Сондай-ақ, оқу-жаттығуға карантиндік шектеулерге байланысты қатыса алмай қалған көршілес Ресей Федерациясымен де бейнебақылау жүргізілді.

Фото

   Бүгін Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінде трансшекаралық орман өрттерін сөндіру бойынша оқу-жаттығу жүргізілді. Бұл жер Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Ресей Федерациясымен шекаралас болғандықтан жаттығу өткізуге арнайы таңдалып алынды. Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан шара тек іс-қимыл, әрекетке ғана бағытталды. Өздеріңіз көргендей бірінші белгіленген жерге от жағылып, мамандар өрт сөндіру техникаларымен жедел өшіруге кірісті. Ары қарай трактордың көмегімен айналасын жыртып, өрт сөндіру қызметкерлерінің жеке құрамы өрттің ұлғайып кетпеуін бақылауда ұстады. Сонымен қатар, бір адам зардап шегушінің «рөлін сомдап», жедел жәрдем қызметкерлері де өз жұмыстарын көрсетті. Соңында төбеден тікұшақтан су шашып, жаттығудың нүктесін қойды.

Фото

   Жедел іс-қимыл әрекетін көрсете білген өрт сөндірушілер кез-келген жағдайға дайын, - деді ШҚО ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұржан Каримов.

Фото

   Іс-шара өрт сөндірумен ғана біткен жоқ. Жиын соңында трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою бойынша Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы және Алтай өлкесінің шектес аумағындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығуларға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттар табысталды. Атап айтсақ, «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 68303 әскери бөлімі» РММ, «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қазақ базасы» РМҚК, «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, « ҚР ІІМ ШҚО Полиция департаменті Бесқарағай ауданының полиция бөлімі» ММ, «ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» ММ, «ШҚО бойынша ҚР ТЖМ АМО» ММ, «Ертіс орманы» МОТР» РММ, « Семей орманы» МОТР» РММ, Павлодар облысының Төтенше жағдайлар демартаментіне және Бесқарағай ауданының әкімдігіне берілді. Жаз маусымы өрттің қауіпті мезгілі болғандықтан аталған оқу-жаттығуда барлық өрт сөндіру техникаларының күші тексеріліп, өрт сөндіру мамандарының тәжірибесі сыналды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған оқу-жаттығу дәлме-дәл жоспар бойынша жүзеге асырылды.

Фото

Фото

Фото

Фото

Мұхтар СОВЕТЖАНОВ, «Орман дауысы» газетінің тілшісі

КАЛЕНДАРЬ СОБЫТИЙ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона