Новости
01.10.2021
   

1 қазан – Халық­аралық қарттар күні



ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ  ЖҮРШІ!

   Халықаралық қарттар күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблея-сының 1990 жылғы қаулысымен арнайы белгіленген болатын. Содан бері мереке елімізде кеңінен атап өтіліп келеді. Бұл күн – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін ерекше мейірімге толы күн.


   Үлкенге құрмет көрсетуде орманшылар салтынан жаңылған емес. Халықаралық Қарттар күнінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлері орман саласының ардагерлерін мерекелерімен құттықтады. Орман шаруашылығын дамытуға барынша үлес қосқан зейнеткерлердің бәрін үйлеріне барып құттықтап, хал-жағдайларын біліп, көкірегі өсиетке толы қариялармен әңгіме-дүкен құрып қайтты. Өйткені көпті көрген көнекөздердің ақылын тыңдап, сөзін санаға түйіп жүргеннен ешкім жаман болмаған.

Фото

   -Бүгін – Халықаралық Қарттар күні. Сіздер осы салада талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүкіл саналы ғұмырларыңызды осы салаға арнап, орман шаруашылығына зор үлес қостыңыздар. Ендеше, соңдарыңыздан ерген біздерге игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсетіп, ортамызда жасай беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!- деп ізгі тілектерін білдірген резерват қызметкерлеріне ақжарма тілектерін айтып,ақ баталарын беріп жатты. Алды 80-нің сеңгіріне шығып 90-ға тақаса, соңы 70-тен асқан зейнеткерлер құттықтай келген ізбасарларына шын көңілден ризашылықтарын білдірді.

Фото

Фото

Фото

Фото

Өз тілшімізден

КАЛЕНДАРЬ СОБЫТИЙ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона