Новости
06.10.2021
  
Бір көшетте – мың орманның бастауы бар..

    ҚР Президентінің 2021-2025 жылдарда ормандардың көлемін ұлғайту жөніндегі 01.09.2020 жылғы Жолдауын іске асыру шеңберінде «Семей орманы» МОТР» РММ-де: 2021 жылы – 3600,0 га, 2022 жылы – 4500,0 га, 2023 жылы – 5100,0 га, 2024 жылы – 6100,0 га, 2025 жылы – 6100,0 га орман көшеттерін отырғызу жоспарланған. 

   Осы жылдың көктемінде 3300 га аумағында орман көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар, күзгі орман өсіру іс-шаралары 628,4 гектар аумағында жоспарланды, оның ішінде: жабық тамыр жүйесімен кәдімгі қарағайдың көшеттерін 528,4 га Беген, Долон, Жаңасемей, Новошульба, Семей филиалдарында және ашық тамыр жүйесімен 100,0 га Морозов филиалында отырғызылады. Резерват бойынша күзгі кезеңде жабық тамыр жүйесімен кәдімгі қарағайдың 2,2 млн.дана көшеттерін және ашық тамыр тамыр жүйесімен 476,0 мың дана көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

        Ағаш отырғызу бойынша көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды ескере отырып, Отанымыздың сұлулығын сақтау және көбейту – әркімнің ісі деп сеніммен айтуға болады!

Табиғи кешендерді қалпына келтіру бөлімі

КАЛЕНДАРЬ СОБЫТИЙ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона