«Семей
орманы» МОТР» РММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен
Семей қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі – «Семей адалдық алаңы»
жобалық кеңсесінің жетекшісі Дариға Абайқызы Даированың қатысуымен
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес
ұйымдастырылды.
Семинар-кеңесті өткізу барысында Дариға Абайқызы кеңес қатысушыларын
«Семей адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметінің негізгі бағыттарымен
таныстырды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы
хабарлаған тұлғаларға сыйақы беру, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы» ҚР Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы,
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік
туралы түсіндірді.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша «Семей орманы» МОТР» РММ
қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, жасамауға, сондай-ақ
сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда 1424 нөмірі бойынша
Call-орталыққа немесе 8 (7232) 29-88-88 нөмірі бойынша ШҚО сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметінің кезекші бөліміне хабарлауға шақырды.