ЖАҢАЛЫҚТАР
06.10.2021
  
ВОЛЕЙБОЛ БОЙЫНША ТУРНИР

    Кәсіби мереке - Орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында «Семей орманы» МОТР» РММ қызметкерлері арасында жарыстар өткізілді. Турнир «Қазтұтынуодағының агробизнес және экономика» колледжінің спорт залында өтті.
    Жарысқа 7 команда қатысты: Басқарма, Бородулиха, Беген, Долон, Жаңасемей, Канонерка және Семей филиалдары.
   Жарыс нәтижесінде бірінші орынды Беген филиалының  командасы, екінші орынды Семей филиалы, үшінші орынды «Семей орманы» МОТР» РММ басқармасының командасы иеленді.
    Жүлде алған командалар 2021 жылдың 15 қазанында салтанатты іс – шарада  грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.




УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона