ЖАҢАЛЫҚТАР
06.10.2021
  
«Ағаш отырғызу — планетаны сақтау!»

  Ормандарды молықтыру көлемін ұлғайту жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі   Жолдауын іске асыру шеңберінде «"Семей орманы» МОТР» РММ резерватының қызметкерлері Шәкәрім атындағы СМУ студенттерімен бірлесіп. ағаш отырғызды.
     Іс-шараның мақсаты – Ертіс өңірінің қарағайлы орманын қалпына келтіру.
  Қарағай көшеттерін отырғызу бойынша іс-шара «Семей орманы» МОТР» РММ Семей филиалының Краснокордон орманшылығы аумағында өткізілді. Жас өскіндерді отырғызуға 40 резерват қызметкері және Шәкәрім атындағы университеттің 20 студенті жұмылдырылды. Ағаш отырғызу «Колесов қылышы» аталатын шағын күрек және жабық тамыр жүйесі бар көшеттерді отырғызуға арналған поттипутының көмегімен  іске асырылды. Барлығы 4,8 гектар жерге 20 мың дана көшет отырғызылды.
    Ағаш отырғызу – үлкен тәжірибе, соның арқасында Сен ғаламшар үшін және Өзің үшін уақытыңды пайдалы іске арнайсың.

Табиғатты қалпына келтіру бөлімі









УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона