ЖАҢАЛЫҚТАР
15.10.2021
  
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҰРАҚТАР

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен «Семей орманы» МОТР» РММ Тау-Дала филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, қылмыстық және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жауапкершілігі туралы» ҚР заңнамасын түсіндіру жөнінде кеңес өткізілді.
    Кеңесті өткізу барысында әкімшілік материалдарды жасау құқығы берілген мемлекеттік инспекторлардың міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бойынша мысалдар келтірілді. Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бейне роликтерді көрсетумен сүйемелденді.
    Дәріс барысында қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.    


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі










УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона