АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Орман саласында неше буын өкілдерінің тәжірибесі, дәстүрі, салып кеткен
жолы, еткен еңбегі, төккен тері бар. Біздің өңіріміздегі баға жетпес
табиғи байлығымызды сақтап, қорғап, қазіргі буынға аманаттаған
ардагерлеріміздің еңбегі орасан. Орман байлығын қорғап, өсіріп-баптауды
күнделікті жұмысым деп емес, өмірімнің бір бөлшегі, тағдырым деп
білген, бір мекемеде табан аудармай еңбек еткен ардагер орманшыларды
құрметтеу – біздің парызымыз.
Орман саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
қарсаңында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының
қызметкерлері зейнеткер ардагерлерді үйлеріне арнайы барып, құттықтап
қайтты. Кәкен Байболатов, Нина Агапова, Балтабек Тарабаев, Жұмағали
Сағадиев, Раулия Сағадиева, Галина Сысоева, Любовь Булатова, Наталья
Лозинская, Галина Ирхина, Геннадий Чубарев, Талғат Шалағанов, Надежда
Некрасова, Виктор Синичкин, Анатолий Дигимбаев, Раиса Кондратьева,
Татьяна Дубинина, Галина Поснова, Надежда Тихомирова, Владимир Баев,
Ирина Чечеткина сынды ардагерлерге ізгі тілектерін білдіріп, құттықтау
хат пен естелік сый-сияпат табыс етті.
Әрине, резерваттың бүгінгі табысы мен жетістігі
өздігінен келе қалған жоқ. Бұл үлкен ұжымның ұйымшылдығының, бір
кісідей жұмыла еңбек етуінің арқасы. Осыған дейін атқарылған әрбір істе
қарт орманшыларымыздың қолтаңбасы бар. Олай болса, Өмірден түйген
түйін, тұрмыстан көрген тәжірибелерімен бөлісіп, келелі кеңестерін
аямайтын құрметті ардагерлер, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
«Орман дауысы» газетінің корреспонденттері
|
УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ
|
|
|
| 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|