ЖАҢАЛЫҚТАР
18.10.2021
  
ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС - ШАРА

            18 қазан күні ШҚО аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясында орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Жиында орман саласын дамытуға үлес қосып жүрген орман шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
     Инспекция басшысы Д. Оразбаев орман шаруашылығының барлық қызметкерлеріне қоршаған ортаның алтын діңгегі – орманымызды өрттен, заң бұзушылықтардан сақтап, қорғаудағы тынбай еткен еңбектері, ағаш кө¬шеттерін өсіру, орман көлемін молайту жұмыстарындағы белсенділіктері үшін алғысын білдірді.        
                Іс-шара барысында «Семей орманы» МОТР» РММ бас директорының міндетін атқарушы Болат Оразханұлы Бердікенов Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е. А. Нұрбаевтың Алғыс хатымен, табиғатты пайдалануды ұйымдастыру бөлімінің табиғатты пайдалану жөніндегі инженері Марина Кудайбергеновна Булатоваға, ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің инженер - бағдарламашы Жандос Есетұлы Сансызбаевқа «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О. Чугунковтың алғыс хаттарымен марапатталды.
               Айта кету керек, 16 қазанында орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай бүкіл ел бойынша ағаш отырғызу акциясы өтті. Біздің облыста 24,5 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның ішінде 20 мың кәдімгі қарағай және 4,5 мың шырша, майқарағай, алма және өрік көшеттері отырғызылды.














УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона