ЖАҢАЛЫҚТАР
19.10.2021
  
Орман шаруашылығының қызметкерлері күніне орай салтанатты іс - шара

    Қазан айының үшінші жексенбісі - Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осынау айтулы дата қарсаңында басқарма ғимаратының конференц-залында мерекелік жиын өтті. Іс-шара шымылдығы «Семей орманы» МОТР» РММ бас директорының міндетін атқарушы Болат Бердікеновтің құттықтау сөзімен ашылды.
   Орман шаруашылығының қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шараға резерваттың бірқатар қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Орман шаруашылығының дамуына үлес қосқан, білікті де кәсіби маман Жаңасемей филиалы Ақкөл орманшылығының орман өрт станциясының бастығы Ш. Әкімбаев «Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағына ие болды.
   Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы жоғары көрсеткіштері, кәсіби шеберлігі, алға қойылған міндеттерді орындауға қосқан үлесі үшін Беген филиалы Дөңгөлек орманшылығының аумақты қорғау жөніндегі инспекторы – мемлекеттік инспектор Қ. Ермеков Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Құрмет грамотасымен, Орман шаруашылығы саласының дамуына қосқан үлесі үшін Жаңасемей филиалы Дальний орманшылығының тракторшы-машинисі Е. Жүнісов Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.
     Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің құрметіне Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен А. Лушина, А. Мальченко, Е. Бердекенов, А. Алшинова, Л. Тахметова, А. Сәдуақасова, Ә. Мұхамадиев, В. Дроздов, З. Беденко, Ф. Қанапьянова, М. Гамаюров, Ю. Оденцовтарға Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасы, К. Рамазанов пен А. Несипаевқа марапатталды.
   Сонымен қатар, Бөкебай филиалы аумағында жаңа тұтанған өртті байқаған бетте шұғыл әрекет етіп, бірден хабар берген Бесқарағай ауданының үш тұрғыны қырағылықтары мен азаматтық ұстанымдары үшін «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты бас директорының м. а. Құрмет грамотасымен Бозтал ауылының тұрғыны Нұржан Шөкеев, Қарағайлы ауылының тұрғыны Ардақ Тоқтағұлов және Ерназар ауылының тұрғыны Сабыржан Мұхамедиев марапатталды.
   Адамның еңбегі еленіп, қошемет-құрмет көрсетіліп жатса, бұл да шабытқа шабыт қосып, ынталандыра түсетіні сөзсіз. Орман саласы саңлақтарының еңбегі еленген бұл күні табиғат қорғау жолында тер төгіп жүрген бірқатар мамандар «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты бас директорының м.а. Б.О. Бердікеновтің Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен марапатталды.
   «Семей орманы» резерватымен соңғы 16 жыл көлемінде әріптестікте жұмыс істеп келе жатқан Шәкәрім университетінің аграрлық факультетінің деканы С. Сейілғазина «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты бас директорының м.а. Б. О. Бердікеновке жуырда өткен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жәрмеңке-көрмесіне қосқан үлесі үшін университет ректорының Алғыс хатын тапсырды.
  Жуырда резерват мамандары арасында өткен волейбол ойынының қорытындысы шығарылып, жеңімпаз командаларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Ғылым, ақпарат, экологиялық ағарту және мониторинг бөлімі



















УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона