Мемлекеттік орман қорының аумағын қорғау

Мемлекеттік орман бақылауын жүзеге асыру шеңберінде, табиғат кешендері
мен обьектілерін қорғау қызметі бөлімі тұрақты негізде «Семей орманы»
МОТР» РММ-нің мемлекеттік орман қорын қорғау бойынша рейдтік
іс-шараларды жүзеге асырады.
Ормандарды шолып тексеру жүру мүмкіндігі
жоғары автомобильдермен және қыста қарда жүретін техникамен жүзеге
асырылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта табиғат қорғау заңнамасының
бұзушылықтары анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
хаттама жасалады, егер залал 100 АЕК-тен асатын болса, қылмыстық іс
қарастырылады, одан әрі құқық қорғау органдарына жіберіледі. Сондай-ақ
заңсыз ағаш кесу мен браконьерлікті анықтау мақсатында құқық қорғау
органдары өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Сонымен
қатар алдын алу іс-шаралары, табиғатқа ұқыпты қарау туралы бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Құрметті азаматтар!
Ағаштарды заңсыз кесу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған!
Қылқан жапырақты және жапырақты ормандардың тағдыры тек
орман шаруашылығы қызметкерлерінің ғана емес, әрқайсымыздың борышымыз.
Біз ортақ күш-жігерімізбен өзіміздің бірегей реликті қарағай орманын
қорғап, молайтуымыз қажет!
«Семей орманы» МОТР» РММ табиғат кешендері мен обьектілерін қорғау қызметі бөлімі
|
УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ
|
|
|
| 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|