ЖАҢАЛЫҚТАР
25.10.2021
  
«Семей орманы» резерватында қарағай бүршіктерін жинау басталды.



          Өздеріңіз білетіндей, ормандарды қалпына келтіру қарағай бүршіктерін жинаудан басталады. Біздің жалды қарағайлы орманда бүршіктер екпелердің негізгі бөлігін құрайды және олар өсіп келе жатқан ағаштардан жиналады. Бұл ағаштар - қалың тәжі, жасыл инелері бар, зақымдалмаған және кеппеген болуы қажет. Бүршіктерді жинау қазан-наурыз айларында болады, осы уақытқа дейін бүршіктер толығымен піседі.
    2021 жылға резерваттың 9 филиалында 132,8 тонна көлемінде бүршік жинау жоспарланған. Қазіргі уақытта 20 тонна қарағай бүршіктерін дайындады. Жиналған бүршіктерді қабылдау кезінде әдетте салмақтың шамамен 10-15% алып тастау керек, өйткені бұл бүршіктегі артық ылғал. Алынған 1 тонна бүршіктің ішінде тұқымның шығымдылығы тек 11,4 кг құрайды.
    Қарағай бүршіктерін жинауға қатысуға ниет білдірушілерді хабардар етеміз, 1 кг бүршіктің бағасы 300-350 тг құрайды. Қарағай бүршіктерін жинау үшін резерваттың кез келген филиалында маусымдық жұмысқа ресімделіп, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өту қажет.

Табиғат кешендерін қалпына келтіру бөлімі 








УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона