КҮЗГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУДЫ ОЙДАҒЫДАЙ АЯҚТАДЫ

Ормандарды қайта қалпына келтiру және оның өнiмдiлiгiн арттыру -орман
шаруашылығы өндiрiсiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi. Орманды жасанды
жолмен қалпына келтіру екпе көшеттер отырғызу арқылы жүзеге асырылады.
Бұрын өртенген орман алқаптарын қайта қалпына келтіру оңай жұмыс емес.
Бұл - қиын да ұзақ процесс.
Дәстүрден жаңылмай жыл сайын көктем мен күзде көшет
отырғызу арқылы орман қорын молайтып, өртең жерлерді қайта толықтырып
келе жатқан «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты биылғы
күзгі ағаш отырғызу науқанын ойдағыдай аяқтады. Орман саласының
мамандары биылғы күзде орман алқабының 676,1 гектар аумағына жиыны 2
839 620 түп ағаш егуді алдын-ала жоспарлап, жоспарды толығымен
орындады. Атап айтар болсақ, Беген филиалының – 130 га, Долон
филиалының – 69,7 га, Жаңасемей филиалының – 163,8 га, Морозов
филиалының – 110 га, Новошульба филиалының – 52,6 га, Семей филиалының
150 га аумағына қарағай өскіндері егілді. Бір айта кетерлігі, басқа
барлық филиалдар жылдағыдай Канонерка филиалының орман питомнигі мен
орман тұқым станциясы кешенінде өскен жабық тамыр жүйелі қарағай
өскіндерін ексе, Морозов филиалының орманшылары тәжірибе ретінде ашық
тамыр жүйелі екі жылдық қарағай өскіндерін отырғызды. Бұған дейін ашық
тамыр жүйелі қарағай өскіндері көктем мезгілінде ғана егіліп келген
еді.
Орманды жасанды жолмен қалпына келтіру үдерісінің жетістігі
көбінесе егу материалының сапалық және технологиялық сипаттамаларына
байланысты болады. Көктемде тұқымнан ексе де, айналасы 6 айдың ішінде
орман алқабына отырғызуға жарап қалатын жабық тамыр жүйелі өскіннің
жерсіну деңгейі жоғары дейді мамандар. Тамыр жүйесі жабық екпе
көшеттердің артықшылығы: егу материалының үнемді жұмсалуы және еңбек
шығындарының азаюы, өскіндердің дамуын бақылаудың жеңілдігі, тасымалдау
үшін қолайлылығы, отырғызу мерзімін ұзарту мүмкіндігі, егу материалына
қолайлы ауа райы жағдайларында жұмыс жасау болып табылады.
Ғылым, ақпарат, экологиялық ағарту және мониторинг бөлімі
|
УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ
|
|
|
| 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|