ЖАҢАЛЫҚТАР
24.11.2021
  
Орман –оның тағдыры және кәсібі



    Асылбек Төлеубекұлы Садырбаев 1961 жылы 18 қарашада Семей облысы Новопокровка ауданы Шой ауылында орманшылардың отбасында дүниеге келген. Оның орман саласындағы еңбек өтілі 26 жылдан асады.Әкесі өмір бойы орманшы болып жұмыс істеді. Орманмен алғашқы балалық әсерлер, естеліктер, орманшы әкесінің әңгімелері, лауазымы мен кәсібі байланысты. Балалар өсіп, мектепке барған кезде ата-аналары Семей облысы Жаңасемей ауданының Глуховка ауылына көшті. Мектеп орманшылығында орман екпелерінің арамшөптерін отау жұмыстарында істеп, бала кезінен орманшылардың еңбегін көріп өскен.
    Семей қаласындағы кәсіптік техникалық училищені бітіргеннен кейін еңбек жолын 1982 жылы орман шаруашылығында орманшы қызметінен бастады. Ол орман өлкесінде мектепті бітірді, әскерден кейін, 1985 жылы мамырда туған ауылына оралды, «Семей орманы» МОТР» Жаңасемей филиалының Глуховка орманшылығында орманшы қызметін жалғастырды. 2013 жылы Подгородный орманшылығының орманшысы болып ауыстырылып, онда қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді. 2019 жылы Семей қаласының «Қазтұтынуодағы» агробизнес және экономика колледжін «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірді. Асылбек Төлеубекұлы ұжымда үлкен құрмет пен беделге ие.
    Жаңасемей филиалының директоры ұжымның атынан Асылбек Төлеубекұлына көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және таңдаған ісіне деген сүйіспеншілігі үшін алғыс білдірді.
    Асылбек Төлеубекұлын 60 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, күш-қуат, қажымас қайрат пен отбасылық бақыт және жұмысыңызға сәттілік тілейміз! Ғұмырыңыз мәнді, өміріңіз сәнді болсын!


«Семей орманы» МОТР» РММ Жаңасемей филиалы








УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона