ЕЛ ТОЙЫ ҚАРСАҢЫНДА ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Түп тамырын көне
түркіден тартқан қазақ елінің аңсаған арманы орындалып, бостандықтың
Көк байрағы желбірегеніне биыл 30 жыл толып отыр. Тарих тұрғысынан
алғанда, отыз жыл – аса көп уақыт емес, тіпті көзді ашып жұмғандай
қас-қағым сәт деуге де болады. Еркіндік алып, еңсе тіктеген 30 жыл
ішінде Қазақстан өзге мемлекеттердің арасынан ойып тұрып өз орнын алды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіз ел
болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді.
Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті
елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен
ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз»,- деген болатын. «Семей
орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының ұжымы да осы «Тәуелсіздік
үшін күреске» күнделікті еңбегімен үлес қосып келеді.
15 желтоқсан күні «Семей орманы» мемлекеттік орман
табиғи резерватының конференц-залында Тәуелсіздік мерейтойына арналған
салтанатты іс-шара өткізілді. Жиында «Семей орманы» МОТР» РММ бас
директорының м. а. Болат Бердікенов орман саласы қызметкерлерін
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтап, еліміздің орман
саласының дамуы жолында тер төгіп жүрген мамандардың бірқатарын
марапаттады.
«Семей орманы» МОТР» РММ бас директорының м. а. Б.
Бердікеновтің Құрмет грамотасымен: қаржы және ұйымдастыру жұмысы
бөлімінің басшысы Д. Е. Жакупханов, аудармашы С. Дүсіпжанова, механик
Е. Жұмаханов, орталық қойма жұмысшысы Е. Мұсабаев, «Семей орманы»
резерватының Семей филиалы Пригород орманшылығының аумақты қорғау
жөніндегі инспекторы – мемлекеттік инспектор Б.Бекежанов, Семей филиалы
Батпай орманшылығының орман шебері – мемлекеттік инспектор Д.Аманбаев,
Семей филиалы Каштак орманшылығының аумақты қорғау жөніндегі инспекторы
– мемлекеттік инспектор С.Шағанов, Семей филиалы Талица орманшылығының
тракторшы-машинисі С.Климов, Семей филиалы Ертіс орманшылығының орман
өрт сөндірушісі М.Хатипов, Семей филиалының жүргізушісі Х. Жұмабаев,
Семей филиалы Краснокардон орманшылығының орман шебері – мемлекеттік
инспектор С.Сейтенов, Бородулиха филиалы Дмитриевка орманшылығының
аумақты күзету жөніндегі инспекторы В.Шаховтар марапатталды.
«Семей орманы» резерватының есепшісі С.Мұқатаева,
заң кеңесшісі Н. Байжұманов, Семей филиалы Талица орманшылығының
аумақты қорғау жөніндегі инспекторы – мемлекеттік инспектор
Қ.Рахметоллин және «Орман дауысы» ведомстволық газетінің тілшісі
К.Раисова «Семей орманы» МОТР» РММ бас директорының м. а. Алғыс хатына
ие болды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
күніне орай әріптестеріміз: табиғат кешендері мен объектілерін қорғау
қызметі бөлімінің басшысы Н.Бейсенбаев, шаруашылық қызметін талдау
бойынша экономист Ә.Айтпенбетова, инженер-энергетик Қ.Баяубаев және
есепшілер Қ.Мавленов пен Н.Ирхинаға Семей қаласы әкімінің Құрмет
грамотасы табысталды.
Еңбек адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ
қозғалысын дамытудағы жемісті еңбегі үшін «Семей орманы» МОТР» РММ бас
директорының м. а. Болат Бердікенов Кәсіподақ Федерациясының Құрмет
грамотасымен, ал орман шаруашылығы инженері, Морозов филиалы бастауыш
кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Мұқатаев Кәсіподақ Федерациясының Алғыс
хатымен марапатталды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
жұмысшыларының салалық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты орманды қорғау
және күзету инженері, Бородулиха филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымының
төрағасы А.Калугинге табысталды.
Орман саласы мамандарының ел тойы қарсаңында алған
марапаттары легі жалғасын тауып, орман шаруашылығына еңбегі сіңген
зейнеткер Б.Е. Қайдаров орман қорғауда атқарған мінсіз қызметі үшін ҚР
Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі комитетінің «Еңбек сіңірген орман өсіруші»
құрметті атағымен және«Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі
үшін» I,III дәрежелі төсбелгісімен марапатталды.
Ғылым, ақпарат,
экологиялық ағарту және мониторинг бөлімі.
|
УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ
|
|
|
| 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|