ТАБИҒАТ-АНАҒА ЗИЯН КЕЛТІРМЕЙІК!

Жаңажылдық мерекенің жақындауы жұпар иісі аңқыған
қылқан жапырақты ағаштар: шырша мен қарағайға қызығушылардың қатарын
арттыра түседі. Әрине, әрбір ата-ананың мерекеде үйіне шырша орнатып,
балаларға қуаныш сыйлағысы келеді-ақ. Дегенмен, шыршаға деген
сұраныстың артуы ағаштарды заңсыз кесудің артуына ықпал ететініне
екінің бірі бас қатыра бермейді...
«Семей орманы» МОТР» РММ Жаңасемей филиалының
Подгородний орманшылығы желтоқсан айы басталғалы бері орман аумағындағы
қылқан жапырақты жас ағаштардың заңсыз кесілуін болдырмау мақсатында
күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен болатын. Орманшылық аумағында
мобильді рейдтік топтар құрылды, патрульдеу бағыттары мен кестелері
әзірленді. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп
кезекшілік кестесі белгіленді.
Жасыл
желектер барлық тіршілік иелерінің тыныс алуына қажетті миллиондаған
тонна оттегін шығарады. Ал қылқан жапырақты ағаштардың жапырақты
ағаштардан айырмашылығы – олар тәулік бойы оттегін бөліп шығарады.
Олардың фотосинтез процесі жыл бойы жүреді. Ендеше, адамзаттың игілігі
үшін берілген табиғи ресурстардың ысырап болып, текке жойылуына себепші
болмаңыздаршы дегіміз келеді.
Бірнеше күндік мереке үшін Табиғат-анаға орны толмас зиян келтірмейік!
Жаңасемей филиалының Подгородний орманшылығы
|
УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ
|
|
|
| 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|