ЖАҢАЛЫҚТАР
27.12.2021
  
ШЫРША КЕСКЕН ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ



    Жаңа жылды орманнан келген әсем шыршамен қарсы алған көңілді дегенмен, жасыл желекті жаппай кесе берсек, орманға барынша зиян тигізетініміз анық. Осыны жақсы білетін «Семей орманы» МОТР» РММ Долон филиалының Шығыс орманшылығының орман сақшылары шыршаны заңсыз отаудан қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеуде.



    Шырша ағашының, жалпы қылқан жапырақты ағаштардың тым баяу өсетінін көп адамдар біле бермейді. Соның салдары болар, адамдар көбіне енді-енді тамыр жайып келе жатқан жас қарағайларды кеседі. Ағашты бар болғаны бір күнгі – жаңажылдық мерекенің сәнін кіргізу үшін ғана пайдаланып, содан кейін далаға лақтырып тастайды.
    Осы ретте, жас шыршаларды аяусыз кесетіндерге ескерте кетер бір жайт Қазақстан Республикасының Заңдарында орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен өсіру саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік белгіленген. Атап айтсақ, Жаңа жылды желеу етіп, жас шыршаларға балта сілтегендерге шара қолданылады. Шырша кескендерге айыппұл салынады. Орманға орасан залал келтірген жағдайда құқық бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
    Біздің орманшылар шыршаны заңсыз кесушілерден қорғау іс-шаралары барысында күн-түн демей қызмет атқаруда. Жалпы, жасыл шыршамыз орманның сәнін келтіретін сұлу тіршілік иесі болғандықтан, оны заңсыз отаудан аулақ болайық. Сұлу табиғатымыздың көркін келтірер ағаштарды сақтау арқылы өлкемізді көркейтейік.    Жаңа жыл мерекесін жасанды шыршамен қарсы алсақ, табиғатқа кесірімізді тигізбейтініміз анық.

«Семей орманы» МОТР» РММ Долон филиалы









УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона