ЖАҢАЛЫҚТАР
05.01.2022
  
ЖАҢА ТЕХНИКАЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

         Қазіргі уақытта бүкіл әлем елдері орман жамылғысын қалпына келтіру мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Өйткені, орман біздің ғана байлығымыз емес, ол – қазіргі буынның келешек ұрпаққа қалдыруы тиіс ерекше құндылығымыз. Сондықтан да біз ормандарды сақтап, орман қорын барынша молайтуға тырысуымыз қажет. Орман – атмосферадағы оттегінің көзі, Жердің «өкпесі». Жұтатын таза ауамыз да, ішетін таза суымыз да, топырақтың беткі қабатының құнарлылығы да біздің жасыл желекті жайқалта алуымызға байланысты. Ертеңгі ұрпақ қамын ойласақ, бүгін орман қорын молайтып, күтіп-баптауға тиіспіз.
     Бұл ретте «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты ұжымының атқарып жатқан жұмыстары аз емес. Көктемде орман алқабының 3300,0 гектар аумағына қарағай өскіндерін отырғызса, 2168,0 гектар жерде 19,3 млн орман екпелері толықтырылды. Ал, күз маусымында орман алқабының 676,1 гектар аумағына 2,8 млн түп жас өскін егілді.
     Әрине, мұндай ауқымды жұмыстарды атқару үшін заманауи техникалар болса, еңбек өнімділігінің де артатыны сөзсіз. ҚР Президентінің Жолдауындағы 2021-2025 жылдар аралығында ормандарды молықтыру көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, «Семей орманы» МОТР» РММ-де 2021 жылға орманды қалпына келтіру және орман шаруашылығы жұмыстарын атқару үшін жаңа техникаларды сатып алу жоспарланған болатын.
        2021 жыл қорытындысы ретінде ауыз толтырып айтуға болатын жайт – егу және ағаш отырғызу жұмыстарын сапалы орындау мақсатында, сондай-ақ, орман екпелеріне механикаландырылған күтім жасау үшін қажетті техника, аспалы жабдық, ағаш отырғызу агрегаттарының сатып алынғандығы. Атап айтсақ,
  • МЛП - 1 маркалы ағаш отырғызу машинасы 20 дана;
  • МЛУ-1А маркалы ағаш отырғызу машинасы 15 дана;
  • СЛН - 1 маркалы ағаш отырғызу машинасы 7 дана;
  • КЛБ - 1,7 маркалы культиватор 10 дана;
        Ыстық тамақ дайындауға арналған КП-75 маркалы 5 далалық ас үй. Мұның орман алқабында жұмыс істеп жүрген 75 адамды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар.
      МТЗ-320.4 маркалы 6 трактор және Беген, Бородулиха, Жаңасемей, Канонерка және Морозов филиалдарының орман тұқымбақтарындағы жұмыстарға пайдаланылатын осы трактордың аспалы механизмдері;
      40 дана МТЗ-920 тракторы және 7 дана МТЗ-1221 тракторы, ол ағаш отырғызу жұмыстарына, сондай-ақ, өртеңдерді тазартуға қажет;
      «Семей орманы» МОТР» РММ экономист мамандарының кәсібилігі мен біліктілігінің арқасында бөлінген қаржы мақсатты жұмсалды. ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен үнемдеу нәтижесінде бірқатар агрегаттар сатып алынды. Атап айтсақ,
  • МТЗ-320.4-ке арналған топырақ өңдеу фрезасы – 6 дана;
  • ПЛН-4-35 маркалы төрт корпусты соқаның 5 данасы;
           6 дана БДН-3,2*2 минералдандырылған жолақтарды жаңартуға арналған аспалы дискілі тырма.
          Сонымен қатар, өртеңдерді тазарту үшін (түбірлерді томардан тазартып тегістеу) 1 бірлік көлемінде фронталды тиегіш, сондай-ақ орман тұқымбағы кешенінен және Канонерка филиалының орман тұқымы станциясынан ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу орындарына отырғызу материалдарын тасымалдау үшін 1 бірлік көлемінде жүкті өзі түсіретін Камаз автокөлігі сатып алынды.
    Сатып алынған техника мен жабдықтар «Семей орманы» МОТР» РММ резерватының филиалдарына таратылады.

Тиімді және ұйымшыл жұмыс үшін келесі бөлімдерге алғыс білдіреміз:
Жоспарлы-экономикалық жұмыстар
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Мемлекеттік сатып алу
Табиғат кешендері мен объектілерін қорғау қызметі
Табиғат кешендерін қалпына келтіру




















«Семей орманы» МОТР» РММ









УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона