ФИЛИАЛДАРҒА ЖАҢА ТРАКТОРЛАР БЕРІЛДІ
Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, орманды қалпына келтіру
және орман өсірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын жүзеге
асыру мақсатында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты жаңа
техникаларға қол жеткізген болатын.
Қаңтар айының аяғында мекеменің
орталық қоймасында қаздай тізіліп тұрған су жаңа тракторлар «Семей
орманы» резерватының 9 филиалына жол тартты. Атап айтар болсақ, Семей
филиалына МТЗ-1221 маркалы 7 трактор, МТЗ-920 маркалы 5 трактор
берілді. Өзге МТЗ-920 тракторлары қалған филиалдарға төмендегідей
бөлінді: Беген филиалына – 6 дана, Бөкебай филиалына – 3 дана,
Бородулиха филиалына – 2 дана, Жаңасемей филиалына – 9 дана, Долон
филиалына – 4 дана, Канонерка филиалына – 5 дана, Морозов филиалына – 3
дана, Новошульба филиалына – 2 дана. Аталған тракторлар орман
шаруашылығы жұмыстарын атқару үшін пайдаланылады.







Туризм, экологиялық ағарту және ғылым бөлімі
|
УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ
|
|
|
| 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|