ЖАҢАЛЫҚТАР
09.02.2022
  
ЖАНУАРЛАРҒА ҚАМҚОР БОЛАЙЫҚ !

  Өңіріміздің ормандары мен тау қойнауларын мекендейтін жабайы жануарлар табиғатымыздың ең үлкен байлығы.
    Оларды қорғау мен қамқорлық жасау жолында жармалық орманшылар да аянбай еңбек етіп келеді. Табиғат байлығын көздің қарашығындай сақтау, түз тағыларына қолдан келгенше қамқорлық жасау баршамыздың міндетіміз. Олай дейтініміз, аң-құстардың, жануарлардың кейбір түрлерінің жойылып кетуінен табиғат тепе-теңдігі бұзылады. Жалпы, жануарлар түрлерінің азаюына әсер ететін факторлар: шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, судың, топырақтың ластануы т.б. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде түз жануарларының, құстардың, тіпті жәндіктердің де әркайсысының өз орны бар. Сондай-ақ, жануарлар мен өсімдіктер де бір-¬бірімен тығыз байланысты. Жануарлар өсімдіктермен тек қана қоректенеді десек, қателескеніміз. Олар өсімдіктерге пайда да келтіреді. Қиларымен топырақты тыңайтады, өсімдіктердің тозаңдануына (жәндіктер, кейбір құстар) және өсімдіктердің бір жерден екінші өңірге таралуына септігін тигізеді.
    Біздің жерімізде мекендейтін аң-құстардың көбі «Қызыл кітапқа» енгені де белгілі. Біздің өңірде бұлан, елік, қасқыр, қоян, борсық, суыр тағы да басқа жануарлар мекендейді.
   Табиғатымызға көрік беретін, Отанымыздың баға жетпес байлығы саналатын тіршілік иелерінің құрып кетпеуіне сіздер болып, біз болып атсалысайық. Ертеңгі келер ұрпаққа аманат етіп қалдыру біздің аға буынның парызы екенін ұмытпайық.

Тау-Дала филиалы Жарма орманшылығының орман шебері С. Айтбаев









УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона