ҚЫСҚЫ ОРМАН – СҰЛУЛЫҚ, ТЫНЫШТЫҚ, ТАЗА АУА
Қала баласына қыс мезгілінде қардан қалашық салып, асыр салып ойнау
үшін аула сәл де болса тарлық етеді. Бір-біріне жапсарласа орналасқан
үйлерді айтпағанда, қаптаған көліктің өзінен емін-еркін ойнау, сырғанақ
тебу мүмкін емес. Сондай сәтте қалалықтар қала сыртына шығып демалып
келуді көздейді. Бірақ, Семейдің маңы қарағайлы орман алқабы
болғандықтан кез-келген жерде сырғанақ тебу қауіпті. Сондықтан бақылау
шекарасы бар, арнайы жасалған сырғанақ кешеніне барған жөн.
«Семей орманы» мемлекеттік орман
табиғи резерватына қарасты барлық аймақ орманшылардың бақылауында.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ саналатындықтан, қысқы демалыс базасы
орналасқан Краснокордон орманшылығына демалушылар арнайы бақылау-өткізу
бекеті арқылы өткізіледі. «Шаңғы базасы» аталатын бұл демалыс орнында
шаңғы теуіп, тюбингке отырып сырғанау арқылы денеңізді сергіте аласыз.
Сонымен қатар, жеке кәсіп иелері ұсынатын атқа міну, квадроциклмен
серуендеу секілді қызмет түрлерін пайдалану мүмкіндігі бар.
Орманда орналасқан демалыс аймағына келем деушілер
ҚР орман заңнамасына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа (ЕҚТА)
рұқсат қағазын алған соң ғана кіре алады. ЕҚТА-қа рұқсат қағазы бір
адам үшін 306 теңгені құрайды. Семей филиалының Краснокордон орман
бөлімшесіндегі демалыс орны күнделікті сағат 9.00-дан 17.00-ге дейін
жұмыс істейді.
Күнделікті күйбең тірлік, бітпейтін жұмыспен
уақытымыздың қалай өтіп жатқанын білмейміз. Алайда адамның миына,
денсаулығына бір сәттік демалыстың өзі қаншама энергия беретіні сөзсіз.
Сондықтан күн сайын болмаса да, аптасына бір рет табиғат аясына шығып
демалып, таза ауада серуен құрған жөн.





Семей филиалының аңтанушы И. Аскербекова
|
УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ
|
|
|
| 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|