ЖАҢАЛЫҚТАР
28.03.2022
  
ТҰҚЫМ ҚОРЫ









    
   Міне, көктем де келді. Көктемде егіс жұмыстары басталады. «Семей орманы» резерватының мамандары қарағайлы орманды қалпына келтіру мақсатында орман питомниктерінде қарағай тұқымдарын егеді.
      Егу үшін кәдімгі қарағайдың сапалы тұқымдары сұрыпталып алынады.
    Орман тұқымдарын дайындау ең алдымен орман тұқымы базасы нысандарында, орман питомнигі мен тұрақты түрде тұқым егетін учаскелерде, ал олар болмаған немесе жетіспеген жағдайда кәдімгі орман алқаптарында жүзеге асырылады. Тұқым дайындау көлемi мынадай талаптарға байланысты белгіленеді: мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде орманды қалпына келтiру, жыл сайын ағаш егу жұмыстарын жүзеге асыру және ағаштар тұқым бермей қалатын жағдайларды ескере отырып, резервтiк тұқым қорын құру. «Семей орманы» МОТР» РММ Морозов филиалында барабан типті стационарлық тұқым кептіргіш жұмыс істейді. Оның бірінші қабатында пеш, бүрлерді кептіруге арналған үй-жай бар. Екінші қабатта кептіру алдындағы камера орналасқан. Кептіру және кептіру алдындағы камераларда тиісті температураны бақылауға арналған термометрлер орнатылған. Бүрлерден алынған тұқым қолмен өңделеді.
   Морозов филиалында 2021-2022 жылдар аралығында 32708 кг қарағай бүрі дайындалды. Филиалдың тұқым кептіргішінде тәулігіне 220-240 кг бүр өңделеді. Кәдімгі қарағай тұқымының өнуі 109-110% құрайды.

Морозов филиалы Сосновка орманшылығы
басшысының орынбасары Ф.Сагадиева








УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона