ЖАҢАЛЫҚТАР
13.04.2022
  
ӨРТТЕРДІҢ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНЕ ӘСЕРІ






    
   Ғылыми және эстетикалық тұрғыдан қызығушылық тудыратын, адам баласына пайдалы жабайы жануарларды сақтау үшін алдымен жабайы жануарлар өмір сүретін табиғи ортаны сақтау қажет.
     Орман өртінен жануарлар әлеміне орны толмас залал келтіріледі. Әдебиет пен кейбір ақпарат құралдарында қалалар мен ауылдарда орман өртінен қашып, адам баласынан қорған іздеген бұлан, аю, сілеусін, бұғы, елік және басқа да жануарлардың пайда болғандығы жайлы жиі кездеседі. Көптеген жануарлар өрттен қырылып, өзендерден өту кезінде батып кетеді.
     Қызыл жалын шарпып өткен орманда әрі қарай тіршілігін жалғастыра алмайтын ағаш діңдері ғана қалады. Бірнеше рет өрт шыққан жерлерде «ай ландшафты» пайда болады, яғни өсімдіктер толық жойылып, топырақ қабаты бүлінеді және тамыр жүйелерінің жалаңаштануына әкеледі. Аталмыш зардаптарды жою үшін ондаған, тіпті жүздеген жылдар қажет.
   Өздеріңіз білетіндей, бұрынғы қарағай орманының орнында алдымен ұсақ жапырақты ағаштар (қайың мен көктерек) өсе бастайды. Өртеңдердегі өсімдіктердің өсуі, олардың түрлік құрамының, жабайы жануарлар саны мен мекен ету ортасының өзгеруіне әкеледі. Мысалы, қайталама ормандарда тиін 20 есе аз кездесетіні және жабайы қабан санының азайғандығы анықталды. Сонымен қатар, жабайы жануарлардың көптеген түрлеріне жемшөп пен қорғаныс жағдайларының өзгеруі көп әсер етеді.
         Өртенген жерлердегі өсімдіктер мен жабайы жануарлардың, құстардың мекен ету ортасындағы кері өзгерістерді бірнеше ондаған жылдар бойы байқауға болады.    
    Құрметті тұрғындар, ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау «Семей орманы» резерватының аумағындағы жабайы жануарлар мен құстардың санын сақтап, көбейтетінін ұмытпаңыз!

Семей филиалының Батпай орманшылығы басшысының орынбасары И. Трушина
басшысының орынбасары Ф. Сагадиева








УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона