КӨКТЕМГІ ЖҰМЫСТАРҒА ДАЙЫНДЫҚ
Қар еріп, жер құрғап, көктем мезгілі келді, яғни өрт қауіпті маусымға
дайындық кезеңі және орманды қалпына келтіру жұмыстары басталуда.
«Семей орманы» МОТР» РММ Долон филиалының Грачи орманшылығында көктемгі
ағаш отырғызу жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр. Орманшылықтың өрт
сөндіру қызметінің мамандары, мемлекеттік инспекторлар мен жұмысшылар
да аталмыш жұмыстарға дайындықтарын бастап кетті.
2022 жылдың орман дақылдарының алаңдарында көктемгі кезеңде екпе
материалдарын сақтау мерзімін ұзарту үшін қар үйінділері жатыр, ағаш
отырғызу машиналары осы жұмыстарға дайындалуда, барлық тракторлық, өрт
сөндіру техникасының пайдалануға беру дайындығы тексерілуде.
Көктемде күннің жылынуына байланысты өрт қаупі арта түседі.
Темекі тұқылы, бөтелке сынығының күн сәулесінің шағылысуынан,
автомобильдің немесе мотоциклдің түтігінен шығатын ұшқын алдымен
орманда, далада, жол бойында құрғақ өсімдіктердің жануына әкелуі
мүмкін. Сөндірілмеген от немесе қасақана өртенген шөпті айтпағанда.
Орман өрті шығуының негізгі себебі – адам баласының бұрыс әрекетінен
болады, Долон филиалының қызметкерлері тұрғындармен өрт қауіпсіздігі
ережелерін сақтау туралы келесі тармақтар бойынша әңгімелер өткізеді:
- орманда (оның ішінде қала маңындағы демалыс аймақтарында) жол жүруді және онда болуды шектеу;
- демалғанда от жағуға тыйым салу;
- қоқыс, кеуіп қалған өсімдіктерді жағуға жол бермеу;
- аумақты
майланған ескі-құсқылардан және басқа да тез тұтанатын қоқыстардан
тазалауды кейінге қалдыру және мұндай қоқысты (күн сәулесінің
шағылысуына байланысты сынған және тұтас әйнекті) орманда қалдыруға жол
бермеу;
- пиротехникалық құралдарды және өрт қауіпті материалдардан жасалған оқ тығынымен атыс қаруын пайдалану;
- орман аумағында көлікпен жүріп-тұру кезінде сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастау.
Өрт ошағының пайда болуының адамға тәуелді емес факторы найзағай
жайлары болуы мүмкін, басқа жағдайларда жауапкершілік толығымен
адамдарға жүктеледі, сондықтан өрт қаупі бар кезеңдегі қауіпсіздік
бойынша басты міндет сыртқы жану факторларының пайда болуына жол
бермеу.
Долон филиалы Грачи орманшылығының орман шебері Ж. Сапарбеков
|
УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ
|
|
|
| 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|