ЖАҢАЛЫҚТАР
14.04.2022
  
ҚАРАҒАЙ ӨСКІНДЕРІН ҚАЗЫП АЛДЫ









    Көктем келіп, жер сәл дегди бастағаннан-ақ өңіріміздегі орманшылар қауырт жұмысқа кіріседі. Жер кеуіп кетпей тұрғанда қарағай өскіндерін орман алқабына отырғызып үлгеру үшін алдымен орман тұқымбақтарындағы екі жылдық өскіндерді қазып алу қажет.
    Кеше «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалы Дмитриевка орманшылығының орман тұқымбағындағы 1 га аумаққа өсірілген екі жылдық өскіндер қазып алынды.
     Аталған филиалдың тұқымбағынан алынған 2 млн 205 мың жас өркендер ағаш отырғызу аумағының көлеміне қарай Бородулиха (1 млн 285 мың дана), Новошульба (509 мың дана) және Семей (411 мың дана) филиалдарына бөлінді. Бородулиха филиалының мамандары өздері баптап өсірген жас өскіндерді биылғы жылы Семей филиалының аумағына отырғызып, өртең жерлердің орман жамылғысын қалпына келтіруге өз үлестерін қоспақ.
    Қазып алынған өскіндерді әр филиал күні ертең ағаш егу жұмыстары жүргізілетін орман аумағына жеткізіп, қыс маусымының аяғында қардан алдын-ала дайындалған буртта сақтайды.

«Семей орманы» МОТР» РММ








УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона