Бос лауазымға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің
«Семей орманы» МОТР» Республикалық мемлекеттік мекемесі пошта индексі
071404, Абай облысы, Семей қ., Туктабаев көшесі 19 үй, электрондық
пошта: semey_ormany2019@mail.ru,
ақпарат үшін, кадрлық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің тел. 8 (7222)
777-146, табиғат кешендерін қалпына келтіру және табиғатты пайдалану
бөлімінің бастығы - аға мемлекеттік инспекторы бос лауазымына
орналасуға конкурс жариялайды (1 бірлік). А3-1
санаты, лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне байланысты 115207 теңгеден
140691 теңгеге дейін
Біліктілік талаптары:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар тұлға
тағайындалады: орман шаруашылығы (орман ресурстары және орман
шаруашылығы, аңшылықтану және аң шаруашылығы), қоршаған орта (экология,
география), биологиялық және сабақтас ғылымдар (биология), қызмет
көрсету саласы (туризм), агрономия (агрономия), балық шаруашылығы
(балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау) және ұйымның тиісті
бейініне сәйкес келетін жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы; ҚР Еңбек кодексі; ҚР Орман
Кодексі; Қазақстан Республикасының заңдары: «Жануарлар дүниесiн қорғау,
өсiмiн молайту және пайдалану туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», 2020
жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Қазақстан Республикасының Әкімшілік
рәсімдік-процестік кодексі», Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 342 бұйрығымен
бекітілген, «Азаматтық қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі»;
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың,
құжаттаманы басқарудың және электрондық құжат айналымы жүйелерін
пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысы; табиғат кешендерін
қалпына келтіру және табиғатты пайдалану мәселелерін реттейтін
заңнамалық актілер, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, нормативтік-құқықтық
актілері; ұйымның өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін,
ұйымның мамандануы мен құрылымының ерекшеліктерін регламенттейтін
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық
актілері; бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға қатысты
ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар мен әдістемелік материалдар; ішкі
еңбек тәртібінің, өндірістік санитарияның ережелері, өрт
қауіпсіздігінің талаптары. Қызметтік құжаттаманы ресімдеу және
мұрағатты қалыптастыру кезінде «Мемлекеттік және мемлекеттік емес
ұйымдарда құжаттама жасаудың, құжаттаманы басқарудың және электрондық
құжат айналымы жүйесін пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703
Қаулысын сақтауға міндетті.
Лауазымдық міндеттері:
Бөлімше туралы Ережеге сәйкес құрылымдық бөлімшенің қызметіне басшылық
жасайды. Ұйым мен бөлімшенің перспективалық жұмыс жоспарларын
дайындауға қатысады. Табиғат кешендерін қалпына келтіру және табиғатты
пайдалану саласындағы заңнаманың бұзушылықтарын алдын алу және жолын
кесу бойынша құрылымдық бөлімше мамандарының жұмысын ұйымдастырады.
Орман тұқымдарының дайындалуына, өңделуіне және сақталуына, уақтылы
жүргізілуіне және орман екпелері мен орман тұқымбағы жұмыстарының
технологиясының сақталуына, сондай-ақ осы жұмыстарды ұйымдастыру және
орындау кезінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі
қағидалардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Өндірістік-қаржы
жоспарын және ормандарды қалпына келтіру мен орман өсіру жөніндегі
жұмыстардың жедел-күнтізбелік жоспарларын жасауға, орман екпелерін
техникалық қабылдауға, түгендеу мен зерттеу жүргізуге қатысады. Орман
шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды
әзірлейді. Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарды, ережелерді және
басқа да директивалық нұсқауларды сақтауы мен орындауын бақылауды
жүзеге асырады. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай
жасайды. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі
ережелерінің және санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын
қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерімен еңбек және өндірістік тәртіпті
сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің бастамашылығы мен іскерлік
белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Ұйым басшылығына құрылымдық бөлімше
жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру, кадрларды іріктеу,
орналастыру және ауыстыру, штатты мамандармен жасақтау, оның жекелеген
қызметкерлерін көтермелеу немесе оларға жаза қолдану туралы ұсыныстар
енгізеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау тәртібінің,
экологиялық стандарттар мен нормативтердің сақталуын бақылайды. Орман
және табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу және жолын кесу
бойынша шаралар қабылдайды. Бөлім үшін белгіленген барлық есептілік
нысандарын дайындауды жүзеге асырады, олардағы мәліметтердің дұрыстығын
бақылайды және дұрыстығын растайды (бұрыштама қояды). Өз бөлімінде
құжаттаманы тиісті есепке алуды, жүргізуді және сақтауды қамтамасыз
етеді. Уәкілетті органдарға есептер мен мәліметтердің уақтылы ұсынылуын
бақылайды. Бөлімнің ұйымдастырушылық және кадрлық құрылымын жетілдіру,
қызметкерлердің кәсіби дамуы бойынша іс-шаралар, олардың уәждемесін
арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді. Тұрақты негізде өзінің кәсіби
деңгейін арттырумен айналысады. 1.6-тармақтың 1-бөлімінде көрсетілген
қызметтік іс-әрекетке қатысты нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген
өзгерістер мен толықтыруларға мониторинг жүргізеді. Өзінің тікелей
басшысының қызметтік тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысуға
ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын
мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
- қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
- кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықтаманы;
- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы;
- «Денсаулық
сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін
атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып
тіркелген) бекітілген (№075) нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы
анықтаманы;
- психологиялық диспансердің анықтаманы;
- наркологиялық
диспансерден анықтаманы ұсынады. Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге,
ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық
компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару
функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас
жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі
туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс
тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін
арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы
құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген
ұсынымдар) ұсынады.
Өтініш Жүктеу/Скачать
|
УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ
|
|
|
| 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|