ЖАҢАЛЫҚТАР
26.08.2022
  
Фенологиялық алаңдарды салу жұмыстары

              «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының ерекше қорғалатын табиғи аумағындағы табиғи кешендердің жағдайын бақылау мақсатында туризм, экологиялық ағарту және ғылым бөлімі мемлекеттік инспекторлармен бірлесіп орманшылықтарда қосымша фенологиялық алаңдарды салу жұмыстарын жүргізуде.    
         Екпелерді, өсімдік жамылғысын және сынақ алаңдарындағы фауна өкілдерін мониторингілеу олардың биологиялық өнімділігіне, сондай-ақ ортаның абиотикалық факторларының өзгеруіне, оның ішінде климаттың өзгеруіне, топырақ пен ауаның жай-күйіне талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
      Мәселен, шілде айында Морозов филиалының Полянка орманшылығында, Бөкебай филиалының Ромадан орманшылығында және Беген филиалының Семеновка орманшылығында үш тұрақты сынақ алаңы салынды. Қазіргі уақытта алынған деректерді камералық өңдеу жүргізілуде.
         Үлгі ретінде құрамы жағынан әртүрлі орман учаскелері таңдалды, бұл бұрын жұлдызшалы тоқығыш – егеуіш зиянкестер зақымдаған дақылдар және жасы 100 жылдан асқан қураған екпелер.
         Жергілікті жердегі іс-әрекеттегі жұлдызшалы тоқығыш – егеуіштің созылмалы ошағынан ағаштың құрамы әлсіреп, одан әрі қурау салдарынан дақылдардың айтарлықтай төмендеуіне әкелетіндіктен, зиянкестер зақымдаған екпелерге аса көңіл бөлінеді. Сондықтан зиянкестердің санын уақтылы реттеу үшін бақылау шараларын қолдану қажет.
   
Туризм, экологиялық ағарту және ғылым бөлімі
   





















УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона