ЖАҢАЛЫҚТАР
14.09.2022
  
Әріптестікті нығайтқан іссапар

            Тәжірибе алмасу мақсатында Семей өңірінің орман шаруашылығы мамандары Павлодар облысының Шарбақты және Лебяжі аудандарында орналасқан «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына іссапармен барды.
      2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсірудің Кешенді жоспарына сәйкес егу материалдарын өсіру көлемінің ұлғаюына байланысты «Семей орманы» МОТР Новошульба филиалының орман питомнигі өз жұмысын қайта жандандырады. Онда кәдімгі қарағай тұқымдарын қысқы уақытта егу жоспарлануда.
    «2021 жылы аталмыш тәжірибені сәтті жүзеге асырған көрші облыстағы әріптестеріміз іссапар барысында күздік ағаш егудің мән-жайы мен ерекшеліктері туралы айтып берді. Содан кейін орталық мекенжайдағы дендропаркпен танысып, Бесқарағай филиалындағы Шалдай питомнигіне ат басын бұрдық. Онда орман өсірушілер мен ғылыми қызметкерлер өрт салдарынан жойылған орман алаңдарын қалпына келтіру үшін егу материалдарын өсіру жолында еткен еңбек, төгілген тердің нәтижесін көрсетті және өз жұмыстарының әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сондай-ақ, туризм бөлімі «Лешкин соқпағы» экобағыттарын аралатып, «Қарағай алаңы» қонақ үйіне экскурсия өткізді. Осындай керемет жұмыс сапарының соңында делегация ислам дініне қызмет еткен ағартушы Ғабдул-Уәхит хазірет кесенесіне кіріп шықты. "Тәжірибе алмасу аясындағы іссапарлар ой - өрісті кеңейтуге, жұмыс тәжірибесін жетілдіруге және бөлісуге, білім алуға және басқа да ЕҚТА-дағы әріптестермен өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді» - деп туризм, экологиялық ағарту және ғылым бөлімінің бастығы Марина Булатова алған әсерімен бөлісті.
    «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының барлық ұжымына қонақжайлылық, қызықты саяхат пен ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз!
   
«Семей орманы» МОТР туризм, экоағарту және ғылым бөлімі
    













УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона