ЖАҢАЛЫҚТАР
20.09.2022
  
МТЖ бөлімі бастығының лауазымына хабарлама

  Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің «Семей орманы» МОТР» Республикалық мемлекеттік мекемесі пошта индексі 071404, Абай облысы, Семей қ., Туктабаев көшесі 19 үй, электрондық пошта: semey_ormany2019@mail.ru, ақпарат үшін, кадрлық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің тел. 8 (7222) 777-146, материалдық - техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (1 бірлік).
   А3-1 санаты, лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне байланысты 115207,47 теңгеден 140691,15 теңгеге дейін.
 Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе орман шаруашылығы саласында 5 жыл жұмыс өтілі бар.
  Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI, «Азаматтық қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі» заңдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген. Ұйымды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, қолданыстағы халықаралық құжаттар мен әдістемелік материалдар.
  Лауазымдық міндеттері: Ұйымның өндірістік қызметі үшін қажетті барлық қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін және өндіріс шығындарын азайту және максималды пайда алу мақсатында оларды ұтымды пайдалануды ұйымдастырады. Прогрессивті шығыс нормаларын пайдалана отырып, материалдық ресурстарға (шикізат, материалдар, жабдықтар, жинақтаушы бұйымдар, отын, энергия және т.б.) қажеттілікті айқындау негізінде Өндірістік бағдарламаны материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, ұйымдар мен бөлімшелердің жөндеу-пайдалану мұқтаждықтарының перспективалық және ағымдағы жоспарлары мен баланстарының жобаларын әзірлеуді, сондай-ақ қажетті өндірістік қорларды құруды басқарады. Фирмалар мен компаниялардың ұсыныстары туралы жедел маркетингтік ақпарат пен жарнамалық материалдарды зерделеуді ұйымдастырады. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, оларды тасымалдаумен байланысты шығындарды азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және енгізуді басқарады. Қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады, қажетті сақтау шарттарын сақтау бойынша шаралар қабылдайды. Ұйым қоймаларындағы материалдық ресурстардың қозғалысын есепке алуды ұйымдастырады, материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады.
   Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықтаманы;
7) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы;
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген (№075) нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы;
9) психологиялық диспансердің анықтаманы;
10) наркологиялық диспансерден анықтаманы ұсынады.
   Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
   Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
  Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

Өтініш
   
«Семей орманы» МОТР» РММ

УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона