Қаржы жұмысы бөлімінің бастығы – бас есепшінің лауазымына хабарлама
Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің
«Семей орманы» МОТР» Республикалық мемлекеттік мекемесі пошта индексі
071404, Абай облысы, Семей қ., Туктабаев көшесі 19 үй, электрондық
пошта: semey_ormany2019@mail.ru,
ақпарат үшін, кадрлық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің тел. 8 (7222)
777-146, қаржы жұмысы бөлімінің бастығы - бас есепші бос лауазымына
орналасуға конкурс жариялайды (1 бірлік).
А2-1 санаты, лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне байланысты 127164,46 теңгеден 154494,81 теңгеге дейін.
Біліктілік талаптары:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, қаржы-бухгалтерлік
жұмыс саласында кемінде соңғы 5 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде басшы
лауазымдарда жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.
Білуге тиіс: бухгалтерлік
есеп саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер;
ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен
нұсқаулықтар, оны жүргізу тәртібі; бухгалтерлік баланстар мен
есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері; зейнетақымен қамсыздандыру
туралы заңнама, ұйымның құрылымы мен Штаттары, оның бейіні, мамандануы
және даму перспективалары; заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық
актілер және әдістемелік еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру және өндірісті
басқару жөніндегі материалдар.
Лауазымдық міндеттері: «Семей
орманы» МОТР» РММ-не бекітілген мүліктің және шаруашылық операцияның
есепке алынуына, қаржылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық
қамтамасыз ету мәселелеріне, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбекті
қорғауды және қауіпсіздік техникасын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті, әкімшілік-шаруашылық және
өзге де сметаларды қатаң сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты
жүргізеді. 1С бухгалтерия бағдарламасы бойынша ақша қаражатының
қозғалысын есепке алуды жүргізу; мемлекеттік бюджеттің номенклатурасын,
дұрыс және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысуға ниет
білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын
мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықтаманы;
7) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы;
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907
бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген (№075) нысан бойынша
денсаулық жағдайы туралы анықтаманы;
9) психологиялық диспансердің анықтаманы;
10) наркологиялық диспансерден анықтаманы ұсынады.
Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму
институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға,
сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен
байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс
жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама
ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс
тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін
арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы
құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген
ұсынымдар) ұсынады.
Өтініш
«Семей орманы» МОТР» РММ
|
УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ
|
|
|
| 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|