ЖАҢАЛЫҚТАР
03.02.2023
  
ҚАР ҚАЛЫҢДЫҒЫН ӨЛШЕДІ

   Елімізде ерекше қорғауға алынған табиғи аумақ мәртебесіне ие қорықтар мен резерваттарда «Табиғат жылнамасы» деп аталатын, негізгі табиғат құбылыстары мен үдерістерін, белгілі бір аумақтың экологиялық жүйесіндегі табиғи немесе антропогендік факторлардың әсерінен болған өзгерістерді сипаттайтын ғылыми жұмыстар күнделігі жүргізіледі. Бұл күнделікке ауа райының өзгерістері, түскен жауын-шашын мөлшері, топырақ, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі т.б. бақыланып, нәтижелері тіркеліп отырады.
    Өткен аптада «Семей орманы» МОТР Туризм, экологиялық ағарту және ғылым бөлімінің ғылыми қызметкерімен бірге Семей филиалына қарасты Қызылкордон орманшылығының мемлекеттік инспекторы Тимур Касьпеков Қызылкордон орманшылығының 151 орамында биылғы қыс маусымындағы түскен қардың қалыңдығы мен тығыздығын өлшеу жұмыстарын жүргізді. Өлшем бойынша түскен қардың қалыңдығы 55-60 см тең. Қардың биіктігі мен тығыздығы туралы мәліметтер қар жамылғысындағы су қорын есептеуге мүмкіндік береді.

   
 


    Толғанай Нұрланова, ТЭА және Ғ бөлімінің аға ғылыми қызметкеріРГУ «ГЛПР «Семей орманы»

УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона