ЖАҢАЛЫҚТАР
02.02.2023
  
ҚАРАҒАЙ ТҰҚЫМЫ ҚАЛАЙ АЛЫНАДЫ?

   Қарағай бүршігінен тұқымын алу – бірнеше кезеңнен тұратын күрделі үдеріс. Арнайы орында алдын-ала жайылып, дегдітілген бүршіктер роликті транспортер арқылы іріктеліп, қоқысынан арылтылады. Сосын бірнеше секциядан тұратын кептіргіш шкафқа қойылып, арнайы температурада кептіріледі. Кептіру барысында бүршіктер ашылып, тұқымын алуға дайын болады.
   Бүршіктерді өңдеу барысын «Семей орманы» резерватының Канонерка филиалында орналасқан Орман тұқымбағы және орман тұқым станциясы кешенінің басшысы Сырым Елемесов түсіндіріп берді:
- Әрқайсысына бірнеше темір тартпа орналастырылған мына кептіру камерасына бір мезетте 750 келі салмаққа дейін бүршік сала аламыз. Кептіру режимі камерадағы температура мен ылғалдылық сенсорлары арқылы автоматты түрде басқарылады. Мұнда +52 градус температурада, 12 пайыздық ылғалдылықта 40 сағат кептіріледі. Кепкен бүршік бункерге төгіліп, одан транспортерлық таспа арқылы торлы барабанға түседі. Барабанда айналғанда ашылып дайын тұрған бүршіктің тұқымы түседі де жеке контейнерге жиналады.
     Жаңа алынған тұқым барабанға салынып, қауызынан (қанаттынан), шаң-тозаңынан арылтылады. Барабаннан алған соң тұқымды гравитациялық сепаратор тұқымдарды массасына қарай іріктеп, бос тұқымдар мен шаң- тозаңы бөлініп, басқа контейнерлерге түседі.
     Бұдан кейін тұқымды торлы сепараторда көлеміне қарай екшейді. Осылайша, тұқым ұсақ, орташа және ірі болып бөлінеді.

 

 


 


    Күлия МАҚАНҚЫЗЫ, РГУ «ГЛПР «Семей орманы»

УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона