ЖОСПАР ЖАСАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ
Біріккен
Ұлттар ұйымы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) "Семей орманы" МОТР
қызметкерлеріне басқару жоспарын әзірлеудің жаңа әдістемесін үйрететін
тренинг өткізіп жатыр.
⠀
2019 жылдан бастап БҰҰДБ "Биоәртүрлілікті
қаржыландыру бастамасы" (БИОФИН) жобасы шеңберінде Қазақстан
Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ЕҚТА-да қаржылық
жоспарлауды жолға қоюға, соның нәтижесінде табиғатты қорғау бюджетін
ұлғайтуға бағытталған ЕҚТА басқару жоспарын жасаудың жаңа әдістемесін
әзірлеген болатын.
Ал 2022 жылы аталған әдістеме негізінде ҚР
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен
табиғатты қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеудің жаңа қағидалары
бекітіліп, оларды ЕҚТА қызметін жоспарлау кезінде пайдалану
міндеттелген-ді. ⠀
Семей орманы" МОТР бас директорының м. а. Байжан Мұсақанов:
- Бүгін біз маңызды мәселе бойынша бас қосып отырмыз. Ол –
резерватты басқарудың 2024-2028 жылдарға арналған жоспарын, яғни
мекеменің барлық өндірістік-қаржылық қызметін бес жылдық мерзімге
жоспарлайтын негізгі құжатты жасау. Алдымен Талғат Сейітұлы Кертешев
бастаған БҰҰДБ командасына және оның сарапшыларына уақыт бөліп, «Семей
орманы» қызметкерлерін жаңа әдістеме бойынша жеке оқытуға мүмкіндік
жасап отырғандары үшін алғыс айтқым келеді, - дейді.
⠀
Биоалуантүрлілік және ауыл шаруашылығы саласындағы БҰҰДБ
жобаларының бағдарламалық үйлестірушісі Т.Кертешев ЕҚТА-ның
биоәртүрлілікті сақтаудағы рөлі, ЕҚТА қызметін жоспарлаудың халықаралық
аспектілері жөнінде баяндаса, сарапшылар Арай Белгібаева мен Меруерт
Сәрсембаева ЕҚТА қызметін жоспарлау және басқару тәсілдері туралы
презентацияларын ұсынды.
⠀
Сонымен қатар, ЕҚТА басқару жоспарының құрылымымен
танысу, «Семей орманы» МОТР-дың экологиялық ағарту, экологиялық
туризмді дамыту бойынша 2024-2028 жылдарға арналған міндеттерін
айқындау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту т.б. мәселелер қамтылады.
Күлия МАҚАНҚЫЗЫ, РГУ «ГЛПР «Семей орманы»
|
УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ
|
|
|
| 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|