КАДРҒА ІЛІККЕН ЕЛІКТЕР
Аппақ қармен көмкерілген қарағайлы орманда жүрген екі елік біздің
мемлекеттік инспекторлардың камераларының объективіне ілікті. Фотосурет
авторы Новошульба филиалының аңтанушысы А.Бредихиннің айтуынша,
жануарлар орманшылық қызметкерлері дайындаған бұтақты азыққа жету үшін
қаншама қалың қарлы жолды еңсерген.
Арқаның алты айға созылатын қатал қысында жануарларға қоректік азық табу үшін көп уақыт қажет.
«Жаздағыдай емес, қыстыгүні еліктердің рационы
шектеулі» - деп атап өтті "Семей орманы" орман резерватының
аңтанушы-биологы Қанат Советов.
- Тұяқты жануарлар қыста ағаш қабығымен, орман
өсімдіктерінің өсінділерімен қоректенетініне қарамастан, олар үшін
арнайы азықтандыру алаңдары жасалады, онда жем-шөп салынады. Сонымен
қатар, оларға жыл бойы тұзды азық беріледі, тұз жаңартылып
отырады,- дейді Қ.Советов.
Сондай-ақ, мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы еліктерді, бұландарды және басқа
да орманды мекен еткен жануарларды кедергісіз қоректендіру үшін
азықтандыру алаңдарына келетін жолдарды тазартып отырады.
Жабайы жануарларды қосымша қоректендіру жыл бойы
жүргізіледі. Әдетте, бұл жануарларды ауылшаруашылық жерлерінен
алшақтату және оны тіршілік ету ортасында тұрақтандыруға жағдай жасау
үшін жасалады.

А.СМАКОВ, Фото: А. Бредихин, РГУ «ГЛПР «Семей орманы»
|
УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ
|
|
|
| 1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|