21 наурызда өткен салтанатты шара барысында «Семей орманы» резерватының бірқатар қызметкерлері марапатқа ие болды.
Бас директордың у. м. а. Байжан Мұсақанов пен Абай облысы
бойынша «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
жұмысшыларының салалық кәсіподағы» ҚБ филиалының төрайымы Гүлсара
Баймағамбетова ерен еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге өз
ризашылықтарын білдіріп, марапаттар табыс етті. Қазақстан Республикасы Кәсіподақ Федерациясы және ОШжЖД салалық кәсіподағының Алғыс хаттарымен:
Бородулиха филиалы Ауыл орманшылығының орман шебері – мемлекеттік инспектор Василий Глиенов;
Морозов филиалы Полянка орманшылығының аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Ержігіт Ахметжанов;
Жаңасемей филиалы Подгородний орманшылығының орман шебері – мемлекеттік инспектор Сейілхан Сейсебаев марапатталды.
ОШжЖД салалық кәсіподағының Құрмет грамотасы
Канонер филиалы директорының орынбасары Серікбол Сапкин мен Долон
филиалы директорының орынбасары Балтабек Кудрановқа табыс етілді.
«Наурыз мейрамы
қарсаңында барлығымыздың резерват басқармасы аумағында ауқымды мерекеде
бас қосуымыздың да өзіндік мәні бар. Салтанатты шара екі бірдей маңызды
оқиғаға: резерваттың 20 жылдық мерейтойы мен Наурыз мерекесіне
орайластырылып отыр. Мен барлық орман шаруашылығы қызметкерлеріне
денсаулық, амандық тілеймін. Баршаңызға өз кәсіптеріңізге шынайы
берілгендіктеріңіз үшін алғыс айтамын» - деді бас директордың у. м. а. Б.Мұсақанов
«Семей орманы» резерваты жұмыс істегелі бері алғаш рет салалық
кәсіподақ төрағасы Қайрат Үстеміровтің қолдауының арқасында биыл ҚР
Кәсіподақ федерациясы және ОШжЖД салалық кәсіподағынан үздік еңбегі
үшін екі медальдің берілгені қуантады.
Бөкебай филиалы Ромадан орманшылығының басшысы Асылхан Алшынов ҚР Кәсіподақ федерациясының «Еңбек озаты» медалімен марапатталса, Жаңасемей филиалы Глуховка орманшылығының басшысы Валерий Сысоев ОШжЖД салалық кәсіподағының «Сіңірген еңбегі үшін» медалін өңіріне тақты.