ЖАҢАЛЫҚТАР
23.11.2023
  
ЕЛІК АТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

    2023 жылдың 17 қарашасында сағат 22.00 шамасында мемлекеттік инспекторлардың Морозов филиалының Полянка орманшылығының № 122 орамында патрульдеуі кезінде көлік байқалды. Көлікті ізімен ұстамақ болған кезде Ерназар елді мекенінің жанынан екі еліктің тұтас еті, пышақ пен пакет табылды. Заңсыз аң аулауға қатысы бар және кінәлі адамдарды ұстау мақсатында осы орынды Ерназар ауылдық округінің учаскелік полициясымен бірге қарауылдау кезінде ағымдағы жылдың 18 қарашасы сағат 00.10 шамасында мотоциклмен келген азамат ұсталды. Ұсталған азамат Бесқарағай ауданының ПБ қызметкерлеріне берілді.
       Осы факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі 1-тармағы - «заңсыз аңшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жануарлар әлеміне келтірілген залал сомасы 5 175 000 теңгені құрады. Бесқарағай ауданы ПБ қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде.
 


   «Семей орманы» МОТР» РММ Морозов филиалы »

УАҚИҒАНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ




123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930







Карта региона