Дамудың тарихы

«Семей орманы» МОТР» ММ тарихы

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты экожүйенің тұтастығын сақтау, бұзылған бірегей табиғат кешендері мен объектілерін және тарих, мәдиниет ескерткіштерін сақтау бойынша міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылған.
Семей өңірінің мемлекеттік орман қоры 1947 жылы қазақ КСРО орман шаруашылығы министрлігі ұйымуастырылған кезде құрылған.1947 ж. 21.02 Қазақ КСРО жоғарғы кеңес Преззидиумының жарлығымен құрамына 10 орман шаруашылығы кірген, Семей облыстық баскармасы құрылған, бірнеше қайта құрылымнан кейін ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме болды.

 «Семей орманы» МОТР» ММ құрылу мен дамуы жайлы қысқаша тарихы.

Дата

Комментарий

1935 жыл Семей орманы шаруашылуға құрылды

1947 жыл

1947 ж. 30.01. Орман шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен Семей облыстық орман шаруашылығы басқармасы ұйымдастырылды

 

Сонымен қатар 10 орман шаруашылығы ұйымдастырылды

1960 жыл

Ертіс орман шаруашылығы ұйымдастырылды

1988 жыл

Семей облыстық орман шаруашылығы және орман қорғау басқармасы Семей орманы шаруашылығы өндірістік бірлестігі (ОШӨБ), орман шаруашылықтары орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорны болып қайта құрылды.

1996 жыл

Семей ОШӨБ Семей орман және аңшылық шаруашылығы бірлестігі болып құрылып, 1999 жылы жойылды.

2000 жыл

Орман шаруашылықтары ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесіне ауыстырылды, Ертіс орман шаруашылығы орманшылық болып құрылды

2003 жыл

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 22.01. № 75 қаулысымен «Семей орманы» МОТР» ММ құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық маңызды табиғат қорықтары және мемлекеттік табиғат ескерткіштері туралы» 2001 жылғы 27 маусымдағы № 877 Қаулысымен резерват аумағында 112 га – «Алет», 156 га – «Солдатская щель», 120 га – «Уржар» ботаникалық қорықтары құрылды.