«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесінің бас директоры Мурат Калибекович Давлетов
Телефон 8-72-22-777-506
«Семей орманы» МОТР» ММ бас директорының орынбасары Джумагали Кожахметович Сагадиевтің мінездемесі.
Д. К. Сагадиев, 1951 жылы туған, білімі жоғары, 1973 жылы орман шаруашылығы мамандығы бойынша Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолын 1973 жылы Семей облыстық орман басқармасы Морозов орман шаруашылығының Полянский орманшылығында орманшы болудан бастаған.
01.1982ж - 08.195ж. Морозов механикаландырылған орман шаруашылығында бас-инженер;
08.1985ж - 08.1999ж. Морозов механикаландырылған орман шаруашылығының директоры;
08.1999ж - 02.2002ж. Морозов филиалының бас орманшысы;
02.2002ж - 03.2003ж. ШҚО аумақтық басармасының бас маманы;
03.2003ж - 06.2005ж. «Семей орманы» МОТР» ММ –нің табиғат кешендерін қалпына келтіру және ғылыми қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
Қазіргі таңда 2005 жылдың 7 маусымнан бастап, «Семей орманы» МОТР» ММ бас директоры орынбасарының міндетін атқаруда.
Д. К. Сагадиев ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз жұмысына ынталы, білімді, білікті, орман шаруашылығында іс- тәжірибесі мол маман. Мекеме басшылығы тарапынан, үлгілі еңбегі үшін көптеген сыйақылармен, алғыс хаттарамен және ҚР АШМ орман және аңшылық шарушылығы Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Үйленген, 3 қызы бар. Ұжымда беделді,сыйлы. адамдармен тез тіл табыса алатын қызметкер.
Телефон 8-72-22-777-295
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі бас директорының орынбасарылығына Сысоев Александр Григорьевич.