|
Қызметтің бағыты
«Семей орманы»МОТР» ММ кадрлар саясаты
Кадрлар саясаты – ұйымның және оның жұмыскерлерінің мақсаттары мен басымдылығын бірге алып жүруге жақсы әсерін тигізетін еңбек ұжымын құруға нысаналы бағытталған жұмыс.
Ұйымның кадрлар саясаты – қызметкермен жұмыс істеу бойынша кадр жұмысындағы элементтер мен формаларды біріктіретін, өнімділігі, кәсібилігі, жауапкершілігі жоғары, ұйымдасқан және сыртқы, ішкі ортаның өзгеруіне тез бейімделетін ұжым құруға бағытталған тұтас стратегия.
Кадрлар саясатының негізгі міндеті- жоғары сапалы жұмыс күшімен қамтамасыз ету, жоспарлау,таңдау, босатуды(зейнтке шығу, жұмыстан босату) қоса алғанда, кадрлар ағымы және т.б. анализдер жасау, жұмыскерлерді дамыту, профбағыт беру, қайта даярлау, аттестация және біліктілік деңгейін бағалауын өткізу, қызметінің жоғарлауын ұйымдастыру, ұйымды жетілдіру және жұмысқа ынталандыру, техникалық қауіпсіздікті, әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету.
Мекеме басшылығы кәсіподақ ұйымымен шарт жасауға, арыздар мен шағымдарды талдауға, жұмыс тәртібін қадағалауға белсенді қатысады
Мекеменің басшылығы мен қызметкелер арасындағы өзара әрекет қолданыстағы заңнама базасында құрылады, оның негізі Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. Мекемеде заңнамада қарастырылған нормалар орындалады, бұдан басқа, мекемеде қабылданған ұжымдық шарт қызметкерледің әлеуметтік жағынан қорғалуын толық қамтамасыз етеді.
Мекемеде кез келген деңгейдегі басшының озбырлығына, қызметкердің мүддесіне нұқсан келтіретін негізсіз шешімдерге тиым салынған, бірақ, әрбір қызметкер өз жұмысының нәтижелері үшін жеке жауапты.
Әдетте тәртіп бойынша, жаңа қызметкелерге заңнамаға сәйкес, үш айдан аспайтын сынақ мерзімі белгіленеді.
Бүкіл мекеме жетістігінің негізгі факторларының бірі - ұйымда жұмыс істейтін мамандарды жан-жақты дамыту. Бұл үшін мамандарды біліктілігін арттыру курстарына жіберу бойынша барлық мүмкіндіктер пайдаланылады. Резерват бассшылығы қызметкелердің қосымша білім алу ұмытылысын қолдауға дайын.
«Семей орманы»МОТР» ММ Ережесіне сәйкес, қаржыландыру тиісті жылға республикалық бюджетте қарастырлған қаржы шегінде қаржыландырлады
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес салық, сондай-ақ Мемлекеттік зейнет жинақ қорына аудару арқылы, мекеме қызметкерлерге еңбекақы төлейді.
Ай сайын және дер кезінде жұмыскердің жеке немесе карта шотына еңбекақы аударылып отырады.
ХАБАРЛАНДЫРУ:
«Семей орманы» МОТР» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымдарына орналасуға қонкурс өткізілетіндігін хабарлайды:
- Ақпараттық технологиялар және байланыс бөліміне: бас маман - байланыс инженері қызметіне - 1 бірлік. Қойылатын талаптар: мамандық бойынша жоғары білім және 3 жылдан кем емес жұмыс істеген өтілі немесе кәсіптік (техникалық) арнайы орташа білім және 5 жылдан кем емес жұмыс істеген өтілі.
- Ақпараттық технологиялар және байланыс бөліміне: маман (мемлекеттік кұпияны сақтау жауапкершісі) - 1 бірлік. Қойылатын талаптар: мамандық бойынша техникалық жоғары білім және 1 жыл жұмыс істеген өтілі, картографиялық материалымен жұмыс атқару, геоинформатикалық системалардың бағдарламаларын (ArgGIS, Map Info) білгендігін және сертификат болуын қалаймыз, басқару жүйесінің базаларын, ҚР «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын және техникалық құжаттарымен жүмыс істеуге мемлекеттік, орысша, ағылшын тілдерін білуін қалаймыз.
- Материалды - техникалық камтамасыз ету бөліміне: бас маман - инженер - энергетигі - 1 бірлік. Қойылатын талаптар: мамандық бойынша арнайы жоғары (техникалық) білім және 3 жылдан кем емес жұмыс істеген өтілі, немесе арнайы кәсіптік (техникалық) орта білім және мамандық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс істеген өтілі.
- Мемлекеттік сатып алу бөліміне: бас маман - заңгер - 1 бірлік. Қойылатын талаптар: мамандық бойынша жоғары кәсіби (заңгерлік) білім және мамандық бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс істеген өтілі.
- Беген филиалының директор орынбасары - мемлекеттік инспекторы - 1 бірлік. Қойылатын талаптар: мамандық бойынша жоғары білім және орман шаруашылығында басқару қызметтерінде 3 жыл кем емес жұмыс істеген өтілі.
- Бөкебай филиалының Ромадан орманшылығына орман шебері - мемлекеттік инспекторы - 1 бірлік. Қойылатын талаптар: жұмыс өтілсіз мамандық бойынша арнайы орта білім.
- Бөкебай филиалының Бөкебай орманшылығына мемлекеттік инспекторы - 1 бірлік. Қойылатын талаптар: мамандық бойынша (жұмыс өтілсіз) арнайы орташа білім, немесе толық орта білім және арнайы бағдарлама бойынша дайындық.
- Долон филиалына: орманды қорғау және күзету инженері - 1 бірлік. Қойылатын талаптар: мамандық бойынша (жұмыс өтілсіз) жоғары білім немесе арнайы орта білім және орман шаруашылығында 2 жылдан кем емес жұмыс істеген өтілі.
- Новошульба филиалына: орманды қорғау және күзету инженері - 1 бірлік. Қойылатын талаптар: мамандық бойынша (жұмыс өтілсіз) жоғары білім немесе арнайы орта білім және орман шаруашылығында 2 жылдан кем емес жұмыс істеген өтілі.
- Тау - Дала филиалының Үлкен - Бөкен орманшылығына мемлекеттік инспекторы - 1 бірлік. Қойылатын талаптар: мамандық бойынша (жұмыс өтілсіз) арнайы орта білім, немесе толық орта білім және арнайы бағдарлама бойынша дайындық.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Құжаттар реті көрсетілген, конкурсқа қатысу үшін ұйым басшысының атына жазылған өтініші.
2. Жеке бас куәлігінің көшірмесі.
3. Кадрларды тіркеу қағазы (мекен - жайы, телефоны көрсетіледі)
4. Қызмет орнына сәйкес диплом көшірмесі.
5. Еңбек кітапшасының көшірмесі.
6. Медициналық тексеруден өткендігі жөніндегі анықтама.
- Семей қаласы, Қызыл кордон кенті, Туктабаев көшесі 19, автобустар № 9, 12; бағытты таксилер № 202, 237, тел. 77-71-96 (кадры), 77-73-37 (факс)
- Беген филиалы: ШҚО, Бесқарағай ауданы, Беген филиалы, тел./факс 8-(72-236) - 2-04-84.
- Бөкебай филиалы: ШҚО, Бесқарағай ауданы Бөкебай ауылы, тел./факс 8-(72-236) - 22- 985.
- Новошульба филиалы, ШҚО, Бородулиха ауданы, Боровлянка ауылы, Центральная көшесі 1, тел. (8-72-353)-2-47-18, факс 2-47-36.
- Тау - Дала филиалы: ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, тел./факс 8-(72-347)- 6-53-80
|