"Семей Орманы" МОТР"РММ
Загрузка...

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы №75 Қаулысымен орман және жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын 10 мекемені біріктіру арқылы ерекше қорғалатын табиғи аумақ ретінде құрылды.

«Семей орманы» резерватының негізгі мақсаты – Ертіс бойындағы ерекше қорғау қызметін атқаратын, экологиялық, ғылыми, мәдени және рекреациялық тұрғыдан аса құнды бірегей ленточный қарағайлы ормандарды сақтау және қалпына келтіру болып табылады.

Резерваттың басым міндеттері:

  • Ландшафтық және биологиялық әртүрлілікті сақтау және қалпына келтіру
  • Ормандарды, жануарлар дүниесін және табиғи-қорық қорының өзге де нысандарын қорғау, күзету және қайта өндіру режимін қамтамасыз ету;
  • ЕҚТА экожүйелеріне зиянды ықпалдардың алдын алу және оларды жою бойынша қорғау іс-шараларын жүргізу
  • Ғылыми, экологиялық білім беру, туристік және рекреациялық және шектелген шаруашылық қызметін жүргізу

жер аумағы

Мемлекеттік орман қорының жалпы алаңы– 657 278 га, в т.ч.
- Орманмен жабылған жерлер – 421,1 тыс. га;
- Орманмен жабылмаған жерлер 164,2 тыс. га.

Президенттің Жолдауы

Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі орманды көбейту көлемдерін арттыру туралы Жолдауына сәйкес, Семей орманы резерваты бойынша орман отырғызу көлемін 2025 жылға дейін 25 400 гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. 2021-2025 жылдар аралығында барлығы 119,4 миллион дана қарағай көшеті отырғызу жоспарланып отыр. Отырғызу алаңының ұлғаюына байланысты, орман питомниктеріндегі тұқым себу алаңдарының және тұқым жинау көлемдерінің ұлғаюы да жоспарлануда. Мысалы, 2021 жылы кәдімгі қарағай тұқымын себу алаңы 4,5 гектарға ұлғайып, 18,6 гектарды құрады, ал 2022-2025 жылдар аралығында питомниктерде жыл сайынғы себу алаңы 22,0 гектарды құрауы жоспарлануда.

Орман тұқым кешені

Орман питомнигі мен орман тұқым станциясы кешенінің жалпы аумағы 20,4 га құрайды, оның ішінде 17,1 га – ашық тамыр жүйесі бар питомник (оның 10,8 га – өндіруші алаң), ал 3,3 га – кешен ғимараты мен үш жылыжайдың аумағы. Кешеннің бірегейлігі – швед өндірісінің жоғары технологиялық жабдықтарымен жабдықталған жылыжай кешенінің арқасында өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 2–3 есеге қысқарады. Жабық тамыр жүйесі бар көшеттерді өсірудің бүкіл үдерісі автоматтандырылған және оған қарағай бүрлерін кептіру шкафтарында кептіру, алынған тұқымдарды сұрыптау және кептіру, кассеталарды субстратпен толтыратын және тұқымдарды нүктелік егіс жасайтын интеграцияланған желі, кассеталарды жылыжайға тасымалдау және орналастыру кіреді. Себуге дейін тұқымдар стратификациядан өткізіліп, фунгицидтермен өңделеді. Әрбір жылыжайда 536 поддон орналасқан, бір поддонда 25 кассета, әр кассета 40 ұяшықтан тұрады. 2025 жылдың көктемінде 1-ротация бойынша қарағай тұқымдары егілді, алдын ала түгендеу нәтижесінде 1463,2 мың дана (92%) көшет алынды. 2-ротация бойынша 1608,0 мың дана ұяшық егіліп, көшеттер 10–12 апта жылыжайда өсіріледі, содан кейін оларды әрі қарай жетілдіру үшін шынықтыру алаңына шығарады. Ағымдағы жылдың күзінде жабық тамыр жүйесі бар қарағай көшеттері филиалдардың орман мәдениеті алаңдарына отырғызылады. Жабық тамыр жүйесі бар көшеттердің сапасы дәстүрлі әдіспен өсірілгендерге қарағанда әлдеқайда жоғары, себебі отырғызу кезінде тамыр жүйесі бұзылмайды және құрғамайды, бұл орман дақылдарының жерсінуін арттырады. Орман питомнигі мен орман тұқым станциясы кешенінің қарағай көшеттерін жабық тамыр жүйесімен өсіру бойынша орташа жылдық өнімділігі 2866,5 мың дананы құрайды. Ағымдағы жылы питомникте 3,6 га аумақта қарағай тұқымдары себілді, сондай-ақ 2024 жылғы егістің 3,6 га аумағында 4499,9 мың дана қарағай көшеті өсіп тұр, бұл жоспарланған отырғызу материалының 104%-ын құрайды.

Орман өрттерімен күресудің ақпараттық жүйесі

2008–2009 жылдары орман өрттерімен күресудің ақпараттық жүйесіне (ӨҚАЖ) қатысты міндеттерді шешу үшін геоақпараттық жүйелерді қолдана отырып, тұжырымдама әзірленді. Бұл тұжырымдаманың мақсаты — Орман өрттерімен күресудің ақпараттық жүйесін құру мен енгізуге байланысты тұжырымдамалық шешімдерді әзірлеу болды. Аталған Тұжырымдаманы іске асыру аясында Орман өрттерімен күресудің ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауының арқасында көшет материалдарын өсіру және Семей орманы резерватының негізгі міндеті – өткен жылдардағы орман өртінен зардап шеккен жерлерді қалпына келтіру – үшін қуатты инфрақұрылым құрылды.

экологиялық акциялар

Бұл табиғатқа және өзіңізге пайдасы тиетін уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бағалы тәжірибе. Әр адам барша халық үшін пайдалы іске қатысып, табиғатты жасаушы ретінде өзін сезіне алады.
0+ Жылдық тәжірибе
0 Филиал
0 орман шаруашылығы
0+ қызметкер

Басшылық

Image

Бекенов Нұржан Қуанышбекұлы

"Семей Орманы" МОТР"РММ-нін Бас директордың орынбасары
Image

Әметов Қазбек Қасымұлы

"Семей Орманы" МОТР"РММ-нін бас директоры
Image

Джумабеков Дияс Нугманович

"Семей Орманы" МОТР"РММ-нін Бас директордың орынбасары
Image

Бердикенов Болат Оразханович

Жанасемей филиалынын бас директоры
Image

Кабенов Серик Балтабекович

Букебай филиалынын бас директоры
Image

Тулубаев Александр Владимирович

Канонерка филиалынын бас директоры
Image

Калугин Артем Владимирович

Бородулиха филиалынын бас директоры
Image

Мейрембеков Куат Амангельдинович

Тау-Дала филиалынын бас директоры
Image

Жапаров Тимур Женисбекович

Беген филиалынын бас директоры

Бөлім басшылары

Image

Оспанов Данияр Сериккалиевич

Табиғат пайдалану бөлімінің басшысы
Image

Омаров Бауыржан Ыкышулы

Табиғи кешендер және объектілерді қорғау қызметі бөлімінің басшысы
Image

Серикказин Жолымбет Алтаевич

Акпараттык технологиялар жане байланыс бөлімінің басшысы
Image

Ахметова Гульнар Тенельдиковна

Қаржы және ұйымдастыру жұмысы бойынша бөлімінің басшысы
Image

Рамазанов Каусар Ерланович

Туризм және рекреация бөлімінің басшысы
Image

Галиева Замира Куандыковна

Табиғи кешендерді қалпына келтіру бөлімінің басшысы
Image

Булатова Марина Кудайбергенова

Ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы
Image

Байжуманов Нурлан Оразбекович

Кадрлық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы
Image

Фахрутдинов Тимур Мамаевич

Маркетинг Жане талдау бөлімінің басшысы
                       
                                   
     
       
         
           
                           

Туризм

             

«Лесные тайны» туристік соқпағы туралы ақпарат

             
Соқпақтың атауы: «Лесные тайны»

Орналасқан жері: «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі, Морозов филиалы

Соқпақтың жіктелуі:

– қозғалу түрі бойынша – жаяу жүргіншілерге арналған;

– мерзімі бойынша – маусымдық;

– ұйымдастыру түрі бойынша – топтық.

Ұзындығы: 850 метр (бір бағытта). Ұзақтығы: аялдамаларды қоса есептегенде 1 сағат 30 минут.

Соқпақтың (маршруттың) жұмыс істеу мерзімі: мамыр айынан қараша айына дейін. Бір топтағы адам санының ең жоғарғы мөлшері: 20 адам. Маршрут жаңа болғандықтан, жүктемені аз көлемде бастау ұсынылады – аптасына бір топ. Осындай режимде бір жыл пайдаланып, мониторинг жүргізілгеннен кейін жүктемені сақтау немесе өзгерту туралы шешім қабылданады.

Аптасына – 1 топ, айына – 4 топ, жылына – 28 топ.

Маршрутты пайдаланудың бірінші жылында, инфрақұрылымды ұтымды ұйымдастырған жағдайда, жалпы рұқсат етілетін жүктеме 560 адамды құрайды.

Соқпақтан өту міндетті түрде жетекшінің (мемлекеттік инспектордың) сүйемелдеуімен жүзеге асырылады. Соқпақтан өту үшін арнайы туристік дайындық талап етілмейді. Соқпақтың барлық бойы белгіленген, қоршаулармен жабдықталған.

Киім үлгісі – жыл мезгілі мен ауа райына сәйкес спорттық киім.

                 

📘Паспорт Лесные тайны

             
Image
Image
 
Image
Image
 
Image
Image
Image
Image
 
Image
Image
 
Image
Image
 
                      
                 
                 
                 
        

«Святой ключ» туристік-экскурсиялық соқпағы

             

Бұл – Семей өңірі Ертіс маңының табиғи байлықтары әлеміне қызықты саяхат (бірегей реликті қарағайлы орман, трансшекаралық Ертіс өзені, тарихи орындар – Ескі бекініс пен «Святой ключ»).

       

Орналасқан жері: Семей қаласындағы Бақылау кентінің маңында, «Семей орманы» МОТР» РММ Жаңасемей филиалының Подгородний орманшылығы аумағында.

Қозғалу тәсілі: жаяу.

Ұзындығы: бір бағытта 10 км.

Маршруттың ұзақтығы: аялдамаларды қоса есептегенде 6 сағат.

Жұмыс істеу мерзімі: маусымнан қазан айына дейін.

Топ құрамы: 1 адамнан 15 адамға дейін.

         

📘Паспорт Святой ключ

 
             
Image
Image
 
Image
Image
 
Image
Image
 
                      
                 
                 
                 
               

Жаңалық

  • 16.06.2026

    Мемлекеттік табиғи «Семей орманы» резерваты аумағында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Парктер шеруі» экологиялық акциясы қорытындыланды. Бір ай бойы өткен шаралар барысында қатысушылар табиғатты қорғауға бағытталған түрлі бастамалар өткізіп,экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосты. Акция соңында белсенді қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.

    • 11.06.2026

      Image
      • 28.05.2026

        “Парктер шеруі – 2026” табиғатты қорғау акциясы аясында “Семей орманы” МОТР” РММ Тау-Дала филиалы Жарма орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Жарма ауданының Балықтыкөл негізгі мектебі, Георгиевка орта мектебі, Маяковский атындағы орта мектеп, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы оқушылары арасында «Жасыл болашаққа қадам» атты экологиялық көрме, сурет және өлең байқауларын өткізді.

        Іс-шара барысында оқушылар табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін және оған ұқыпты қараудың маңыздылығын көрсетті.

        Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушылар жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталды.

        • 28.05.2026

          🌿 “Парктер шеруі – 2026” экологиялық акциясы аясында “Семей орманы” МОТР” РММ Беген филиалының мемлекеттік инспекторлары мен Беген орта мектебінің түлектері мектеп аумағына 50 түп пирамидалы терек көшетін отырғызды.

          ✨ Бұл туған өлкенің табиғаты мен экологиялық әл-ауқатына деген қамқорлықтың жарқын көрінісі.

          Image Image Image Image
          • 26.05.2026

            🔷 Өрт қаупі жоғары кезеңде “Семей орманы” МОТР” РММ-де өрттің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

            Ормандарды өрттен қорғаудың тиімді әдістерінің бірі — минералданған жолақтарды құру және күтіп ұстау жұмыстары. Бұл шаралар «Семей орманы» резерватының қызметкерлерімен екі кезеңде жүзеге асырылады: мамыр-маусым айларында және тамыз-қыркүйек айларында.

            Өртке қарсы минералданған жолақтар — жер бетіндегі жанғыш материалдардан топырақтың тұтас минералды қабатына дейін тазартылған жасанды жолақтар. Минералданған жолақтарды құру және күтіп ұстау жұмыстары механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі: трактор тіркемелі соқаның көмегімен топрақтың беткі қабатын жыртып шығады.

            Минералдандырылған жолақтардың мақсаты – төменгі қабат өрттің орман алқаптарына таралуына тосқауыл болу. Жаз мезгілінде орман өрттерінің туындау қаупінің жоғары болуына байланысты, мұндай жолақтарды құру және жаңарту жұмыстары экожүйелерді қорғауға және ормандардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

            Image Image Image Image
            • 26.05.2026

              🔷 “Семей орманы” МОТР” РММ аумағында көктем мезгілінің басталуымен дәстүрлі түрде қыстың ауыр кезеңінен кейін жабайы жануарлардың жағдайын қолдауға және қалпына келтіруге бағытталған биотехникалық іс-шаралар жүргізіледі. 🦌

              Осы жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі – жануарлардың тіршілік үшін аса қажетті минералдық заттардың тапшылығын толықтыруына мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған орындар – тұз жалақтарды жаңарту.

              Жүргізілген жұмыстар аясында резерват аумағында көктемгі кезеңде 2548 килограмм тас тұзы орналастырылды. Тұз жануарлар ағзасындағы зат алмасу үдерістерінде маңызды рөл атқарады, сүйек тінінің нығаюына, жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне және ауруларға төзімділіктің артуына ықпал етеді. Әсіресе, ол елік, марал және бұлан секілді тұяқты жануарлар үшін аса қажет, өйткені олар тұз жалақтарға үнемі келіп тұрады.

              🦌🌿Мұндай іс-шаралар жабайы жануарлар популяциясын сақтауға және нығайтуға ғана емес, сонымен қатар орман экожүйелеріндегі экологиялық тепе-теңдікті қолдауға да ықпал етеді. Резерват қызметкерлері тұз жалақтардың жағдайы мен олардың жануарлар тарапынан пайдаланылуын жүйелі түрде бақылап отырады. Бұл қажетті шараларды дер кезінде қабылдауға және табиғатты қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

              Image Image Image Image Image
              • 15.05.2026

                🌿💧 «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Таза бұлақ» тақырыбында Аягөз және Үлкен-Бөкен орманшылықтары ұйымдастырған экологиялық іс-шаралар өтті. Іс-шаралар барысында қызметкерлер табиғи бұлақ көздерін қоқыстан тазартып, айналасын ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.

                Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және су көздерін сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі шаралар арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырып, туған жер табиғатына деген жанашырлықты арттыру көзделеді.

                Таза табиғат – болашақ кепілі! 🌱♻️

                Image Image Image Image Image
                • 12.05.2026

                  🔷 “Семей орманы” МОТР” РММ орман тәлімбақтарында кәдімгі қарағай тұқымдарын себу жұмыстары жүргізілуде.

                  🌲 Тұқым себу ормандарды қалпына келтіруде, экожүйелерді сақтауда және тұрақты орман алқаптарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл үдеріс орман дақылдарының популяциясын жасанды түрде қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

                  ☑️ Осы көктемде «Семей орманы» резерватының орман тәлімбақтарында және Орман тұқым станциясы кешенінде 18,2 гектар алқапқа тұқым себу жұмыстары жоспарлануда.

                  🌲 Әрбір себілген бүгін тұқым — болашақ орманның бастауы!

                  • 05.05.2026

                    • 21.03.2026

                      🌿🐦 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және Халықаралық құстар күні аясында “Семей орманы” МОТР” РММ Семей филиалы Краснокордон орманшылығының қызметкерлері Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен бірлесіп экологиялық іс-шара өткізді.

                      🐦‍⬛ Іс-шара барысында оқушылардың қатысуымен құс ұялары жасалып, мемлекеттік орман қоры аумағына ілінді.

                      ✨ Аталған іс-шараның мақсаты – құстарға қолайлы жағдай жасау, олардың санын арттыру, сондай-ақ жас ұрпаққа табиғатты, жануарлар мен құстарды қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.

                      ☑️ Осындай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырады.

                      Табиғатты бірге қорғайық!

                      • 16.04.2026

                        🔷 Семей қаласының Шәкәрім университетінде «Семей орманы» МОТР” РММ туризм және рекреация бөлімінің экологиялық ағарту жөніндегі инженерлері «Орман ресурстары және аңшылықтану» білім беру бағдарламасының студенттерімен «Таза Қазақстан – болашақ кепілі» тақырыбында дәріс өткізді.

                        Кездесу барысында экологиялық қауіпсіздік мәселелері, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажеттілігі талқыланды. Сонымен қатар студенттерге «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ «Семей орманы» резерваты акция аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар туралы кеңінен мәлімет берілді.

                        Кездесу ашық әрі еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушыларды табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі төңірегінде біріктірді.

                        • 16.04.2026

                          ‼️ Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты және табиғи өрттердің алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.

                          ‼️ Ормандарда қатаң тыйым салынады:

                          - қылқан жапырақты жас ормандарда, құрғаған шөп бар жерлерде, ағаштардың астында от жағуға;

                          - жанған сіріңкелерді, темекі қалдықтарын тастауға, рұқсат етілмеген жерлерде ашық отты қолдануға және темекі шегуге;

                          - арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерде мангал, ошақтар орнатуға;

                          - ⁠⁠шыны қалдықтарын, шыны ыдыстарды (бөтелке, банка және т.б.) қалдыруға. Олар өрттің шығуына себеп болуы мүмкін;

                          - жанармай құйылған көліктердің жанында темекі шегуге және ашық от пайдалануға;

                          - арнайы қарастырылмаған орындарда жанар-жағармай заттары сіңген сүрту материалын тастап қалдыруға;

                          - түтін шығаратын құбырлардың ұшқын сөндіргіштері болмаған кезде техникамен жүруге;

                          ☑️ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабының 3-бөлігіне сәйкес, ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, өрттің туындау қаупін тудырған жағдайда, кінәлі тұлғаларға 250 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

                          ☎️ Өрт ошақтарын байқаған жағдайда дереу келесі телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8 7222 777 236

                          ‼️ Өңір тұрғындары мен қонақтарын азаматтық жауапкершілік танытып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырамыз.

                          ‼️ Орман мен табиғатты қорғаңыздар!

                          Image
                          • 01.04.2026

                            🐦 1 сәуір – Халықаралық құстар күні

                            Жыл сайын 1 сәуірде Халықаралық құстар күні атап өтіледі. Мерекенің мақсаты – қоғамның назарын құстарды және олардың мекендеу ортасын қорғау мәселелеріне аудару.

                            Бұл күн алғаш рет 1894 жылы АҚШ-тың Пенсильвания штатында балалар мерекесі ретінде атап өтілді. Кейіннен бұл бастама бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында кеңінен танылып, АҚШ-тың барлық штаттарында, содан соң Еуропада да мерекелене бастады.

                            🐦‍⬛ «Семей орманы» МОТР» РММ аумағында 153 құс түрі мекендейді (қыстайтын түрлерді есептемегенде), олардың 13-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Оларға қара ләйлек, сұңқылдақ аққу, алакөз қара ала үйрек, ақбас үйрек, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, аққұйрық субүркіт, ителгі, ақбас тырна, безгелдек, қылқұйрық бұлдырық және үкі жатады.

                            🦅🌿 Резерваттың ғылыми қызметкерлері өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жағдайына кешенді мониторинг жүргізеді. Бұл зерттеулер аймақ экожүйелерінің биоалуантүрлілігі мен тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарады, табиғи ресурстардың ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз етеді.

                            ☑️ Құстар күнін атап өту бізге табиғатты қорғаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады, өйткені экожүйенің саулығы біздің планетамызды мекендейтін тірі жандарға қаншалықты жауапкершілікпен қарайтынымызға байланысты.

                            Image
                            • 21.03.2026

                              🌺 Бүгін, 21 наурыз күні, «Семей орманы» ұжымы көктемгі жаңғыру мерекесін Наурыз мейрамын бірлесе атап өтті.

                              💐 Наурыз– бірлік пен жаңарудың мерекесі!

                              10 филиалдың қызметкерлері бірге бірігіп, ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, түрлі байқаулар мен спорттық жарыстарға қатысты.

                              Салт-дәстүрлер, мол дастарқан және көтеріңкі көңіл-күй мерекенің сәнін келтірді.

                              Ұжым ерекше ұйымшылдық пен бір-біріне өзара қолдау көрсетті. Бірлік пен қуаныш рухы мерекенің әр сәтін нұрландырды.

                              Баршаңызға белсенді қатысқаны үшін үлкен алғыс білдіреміз!

                              Наурыз мейрамы құтты болсын! Ортақ ісімізге және әр шаңыраққа бақ-береке, молшылық пен бейбітшілік тілейміз!

                              • 21.03.2026

                                🌲21 наурыз - Халықаралық ормандар күні

                                🌿 21 наурызда бүкіл әлемде Халықаралық ормандар күні атап өтіледі. Бұл күн ормандардың адам өмірі мен планетамыз үшін баға жетпес рөлін еске салуға арналған.

                                ☑️ Ормандар – Жердің өкпесі, таза ауаның көзі. Сонымен қатар, олар табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті сақтап, көптеген тірі ағзалардың мекені болып табылады.

                                “Семей орманы” МОТР” РММ қызметкерлері еліміздің орман ресурстарын сақтау, қорғау және көбейту ісіне күн сайын баға жетпес үлес қосуда.

                                Орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі оңай емес, ол үлкен жанқиярлықты, төзімділікті және табиғатқа деген сүйіспеншілікті талап етеді.

                                Ормандарымызды қорғайық, өйткені олар - біздің планетамыздың болашағы!

                                Image
                                • 20.05.2026

                                  🔷«Семей орманы» МОТР» РММ Морозов филиалының қызметкерлері орманшылық ардагерлеріне Булатова Любовь Ивановна, Зародыш Мария Ивановна, Сағадиев Оралқан Қайдарұлына көмек көрсетті.

                                  Бұл тамаша жандар бүкіл ғұмырын орман шаруашылығына арнап, өңіріміздің жасыл байлығын сақтауға үлес қосуда аянбай еңбек етті. Көрсетілген көмек аясында филиал қызметкерлері ардагерлердің өмірін жайлы әрі бақытты ету үшін аулаларын қоқыстан тазартуға көмектесті.

                                  Мейірімділік пен қамқорлық әрқашан өміріміздің бір бөлігі болсын!

                                  Image Image Image Image
                                  • 19.03.2026

                                    🐦‍⬛Халықаралық құстар күніне орай «Семей орманы» МОТР» РММ Тау-Дала филиалының мемлекеттік инспекторлары Көкпекті ауданы Үлкенбөкен орта мектебінің, Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебінің, Ақсуат ауданы Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің, Жарма ауданы Мүтән Аймақов атындағы орта мектебінің, Аршалы негізгі мектебінің, Жарма станциясы орта мектебінің, Шар негізгі мектебінің оқушыларымен «Құстарды қорғаудың экологиялық маңызы және биоалуантүрлілікті сақтау», «Жыл құсы – Қара сайрақ» тақырыптарында экологиялық сағаттар өткізді, сондай-ақ мектептер және мемлекеттік орман қоры аумақтарында құс ұяларын орнатты.

                                    ☑️ Мұндай іс-шаралар өңірдің биоалуантүрлілігін сақтауды ғана қоймай, жас ұрпақтың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырып, құстарға ұқыпты қарауға, табиғатты аялауға тәрбиелейді.

                                    🌿 Табиғатты бірге сақтайық!

                                    Image Image Image Image Image Image Image Image Image
                                    • 18.03.2026

                                      🌿🐦‍«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында және Халықаралық құстар күні қарсаңында «Семей орманы» МОТР» РММ Бөкебай филиалының мемлекеттік инспекторлары мен Башкөл және Бозтал негізгі мектептерінің оқушылары өз елді мекендері мен мектептері аумақтарында құстарға қамқорлық танытып, құс ұяларын орнатты.

                                      🐦 Құстар – табиғаттың ажырамас бөлігі, олар экожүйелерді сақтау мен жер бетіндегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін қамтамасыз етуге зор үлес қосады.

                                      ☑ Құстарға қамқорлық жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Табиғатты аялап, қанатты достарымызға қамқор болайық!

                                      Image Image Image Image Image
                                      • 10.03.2026

                                        🔷 “Семей орманы” МОТР” РММ-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшының орынбасары Қайрат Сапарғалиевтың қатысуымен семинар өтті.

                                        🔹Кездесудің негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық және этикалық сауаттылық деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу.

                                      • ☑️ Іс-шараға «Семей орманы» резерватының филиал директорлары мен олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және қызметкерлері қатысты.
                                      • 📌Семинар барысында
                                      • 📌 сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау,
                                      • 📌сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу,
                                      • 📌 мүдделер қақтығысын болдырмау,
                                      • 📌 қызметтік және корпоративтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
                                      • 🔹Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ қызметте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар берілді.

                                        Image Image Image Image Image
                                        • 05.03.2026

                                          • 03.03.2026

                                            🦌«Семей орманы» МОТР» РММ қызметкерлері суық қыс мезгілінде жабайы жануарларға қамқорлық жасауды жалғастыруда. Атап айтқанда, Жаңасемей филиалының Подгородний орманшылығының мемлекеттік инспекторлары бұтақтан жасалған азық пен шөпті кезекті рет қоректендіру алаңдарына жеткізді.

                                          • ☑️ Уақытылы ұйымдастырылған қоректендіру:
                                          • 📌 жануарлардың әлсіреу қаупін азайтуға;
                                          • 📌 күрделі қыс мезгілінде төлдерді сақтап қалуға;
                                          • 📌 популяция санының тұрақтылығын қолдауға;
                                          • 📌 жануарлардың елді мекендерге мәжбүрлі түрде шығуының алдын алуға мүмкіндік береді.
                                          • ❗️Жануарларға қамқорлық жасау – бұл планетамыздың болашағына деген қамқорлық!

                                            • 03.03.2026

                                              🌎 Ежегодно 3 марта отмечается Всемирный день дикой природы.

                                              🌿 Главная цель праздника - обратить внимание людей на красоту и многообразие дикой природы, напомнить о важности бережного отношения к ней, к тому, что может безвозвратно исчезнуть с лица Земли.

                                              ☘️ Природа не только прекрасна и изумительна, она очень хрупка, и нуждается в нашей защите.

                                              Берегите природу, ее животный и растительный мир! Только совместными усилиями можно сохранить ее красоту и богатство!

                                              Image
                                              • 02.03.2026

                                                🌲🦌 «Семей орманы» МОТР» РММ қызметкерлері қысқы кезеңде жабайы жануарларды қолдауға және олардың популяциясын сақтауға бағытталған биотехникалық іс-шараларды жалғастыруда.

                                                🌱🌾 Қоректендіру алаңдары үнемі бұтақтан жасалған азықпен, шөппен, дәнді дақылдармен және тұзбен толықтырылып отырады.

                                                🌿 Бұтақтан жасалған азықтың құрамында органикалық заттар, микроэлементтер, дәрумендер бар, олар жануарлардың азықтандыру рационын толықтырып, қоректің жақсы сіңуіне ықпал етеді.

                                                ☑️ Тұз – орман мекендеушілері үшін өмірлік маңызы зор қоректік элемент. Ол зат алмасуды, ас қорытуды және иммунитетті жақсартады, минералдардың орнын толтырады, сондай-ақ мүйіздің дұрыс дамуына, сүйек тінінің өсуі мен нығаюына ықпал етеді.

                                                ‼️ Жануарлар дүниесіне қамқорлық жасау – биоалуантүрлілікті қолдауға және экожүйелерді сақтауға бағытталған маңызды үлес.

                                                Image Image Image
                                                • 27.02.2026

                                                  🦌 Семей орманы» резерватының сымбатты мекендеушілері

                                                  ✨ «Семей орманы» резерватының мекендеушілердің бірі – сымбатты да сұлу еліктер. Олар орманның баға жетпес көркі болып табылады.

                                                  ☑️ Еліктер – бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты жануарлар. Олар аса ірі емес. Ересек жануардың дене ұзындығы 1,5 метрден аспайды, ал шоқтығындағы биіктігі шамамен 80 сантиметрді құрайды. Еліктің үлкен, сүйір құлақтары әр сыбдыр мен ормандағы дыбыстарды ести алады.

                                                  Еліктердің қысқа және жіңішке тұяқтары бар мықты аяқтары, оларға жеңіл әрі жылдам қозғалуына мүмкіндік береді. Еліктер сағатына 60 км жылдамдықпен жүгіре алады. Олар шөппен, жидектермен қоректенеді, ал қыста ағаштар мен бұталардың бұтақтарын, бүршіктерін және қураған жапырақтарын жейді.

                                                  ‼️ Табиғатты, орманды және оның мекендеушілерін қорғау – әр адамның парызы‼️

                                                  ‼️ Еске саламыз‼️

                                                  Ерекше қорғалатын аумақтарда аң аулауға тыйым салынған! Заң бұзушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

                                                  • 25.02.2026

                                                    🌿 «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында игі істер жалғасуда

                                                    ✨ "Семей орманы" МОТР" РММ Беген филиалының қызметкерлері орман шыруашылығы ардагерлеріне көмек көрсетті.

                                                    ✨Аға буынға қамқорлық көрсету, қолдау білдіру және құрметтеу – әрбіріміздің парызымыз!

                                                    • 17.02.2026

                                                      🔷 Патрульдеу – орманшылардың күнделікті атқаратын маңызды жұмысы!

                                                      ☑️ «Семей орманы» МОТР» РММ қызметкерлері мемлекеттік орман қоры аумағында тұрақты түрде патрульдік іс-шаралар жүргізеді. Патруль барысында резерват орманшылары орманды аралап, аумақты өрт белгілерінің бар-жоғына тексереді, орман мен жануарлардың жағдайын бақылайды, браконьерлік, заңсыз ағаш кесу және табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың өзге де жағдайларының алдын алады, сондай-ақ халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

                                                      🌿 Орманшылар орман экожүйелерін қорғау мен олардың саулығын сақтауда маңызды рөл атқарады.

                                                      🌲 Орманымыз бен табиғатымызды бірге қорғайық!

                                                      Image Image Image Image Image
                                                      • 13.02.2026

                                                        «Семей орманы» МОТР» РММ-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы талқыланды. Кездесу барысында жобада қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтыруларға назар аударылып, мемлекеттік басқару мәселелері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, әділдік пен заңдылық қағидаттары талқыланды.

                                                        Image Image
                                                        • 30.01.2026

                                                          📢«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында кәдімгі қарағай бүрлерін өңдеу және тұқым алу жұмыстары жүргізілуде.

                                                          ✅Бұл жұмыстардың мақсаты – орман шаруашылығын дамыту, қарағай тұқымдарының сапасын арттыру және жаңадан орман отырғызу үшін жоғары сапалы тұқымдар алу. Қазіргі таңда жалпы 32 258 кг қарағай бүрлері өңделіп, одан 359 кг тұқым алынды.

                                                          Image Image Image
                                                          • 12.01.2026

                                                            🌲🦌 Орманға және оның мекендеушілеріне қамқорлық жасау — “Семей орманы” МОТР” РММ қызметкерлерінің басты міндеті. Қыс мезгілі бойы резерват қызметкерлері қоректендіру алаңдарына бұтақтан жасалған азық, шөп және дәнді дақылдарды жеткізуде. Бұл жануарларды аштықтан сақтап, популяция санының сақталуына көмектеседі.

                                                            🌿 Бұтақтан жасалған азық жануарлар үшін энергия көзі болып табылады, құрамында дәрумендер мен минералдарға бай. Ол жануарлардың иммундық жүйесін нығайтып, зат алмасуды жақсартуға ықпал етеді.

                                                            ‼️Еске саламыз! Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулаудың барлық түріне тыйым салынған! Заңсыз аңшылық табиғатқа орасан зор зиян келтіріп, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

                                                            ☑️ Болашақ ұрпақ үшін планетамыздың жануарлар әлемін бірге сақтайық!

                                                            Image Image Image Image Image Image
                                                            • 12.02.2026

                                                              🔷 “Семей орманы” МОТР” РММ қызметкерлері көктемгі орманды қалпына келтіру жұмыстарының бірінші кезеңін бастады.

                                                              Резерват қызметкерлері үлкен қар үйінділерін дайындауда. Олар көктемде орманды қалпына келтіру жұмыстары барысында орман тұқымбақтарынан қазып алынған көшеттерді сақтауға пайдаланатын болады.

                                                              Қар үйінділері «табиғи тоңазытқыш» қызметін атқарып, көшеттердің мерзімінен бұрын өсуін және кеуіп кетуін болдырмайды.

                                                              Орманды қалпына келтіру планетадағы экожүйелерді қайта жаңғыртуда, биоалуантүрлілікті нығайтуда және экологиялық тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады.

                                                              Image Image
                                                              • 27.01.2026

                                                                📢«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлері жабайы жануарларға қыс мезгілінің қиын кезеңін жеңілдетуге көмектесетін биотехникалық шараларды өткізуде.

                                                                🔹Қоректендіру алаңдарына қызметкерлер жазда жиналған бұтақтан жасалған азық, шөп пен дәнді дақылдарды жеткізуде. Бұтақтан жасалған азық – орман тұрғындарының сүйікті қысқы тағамы. Ол жақсы қоректік қасиеттерге ие, маңызды микроэлементтер, дәрумендер мен талшыққа бай.

                                                                ✅Биотехникалық шаралар жануарлардың санын сақтап, көбейтуге өте маңызды болып табылады және олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін ұйымдастырылады.

                                                                Image Image Image Image Image Image
                                                                • 26.01.2026

                                                                  «Семей орманы» МОТР” РММ-ге қарасты Беген филиалы Өндіріс орта мектебінде биоалуантүрлілікті сақтау тақырыбында эко-сағат өткізді.

                                                                  🔹Іс-шараның мақсаты – оқушыларға табиғаттағы жан-жануарлар мен өсімдіктердің әртүрлілігінің маңыздылығын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау туралы білімдерін кеңейту болды.

                                                                  📌Эко-сағат барысында оқушыларға биоалуантүрлілік дегеніміз не, оның экожүйелердегі рөлі мен адам өміріне тигізетін пайдасы жайлы ақпарат берілді. Сонымен қатар, биоалуантүрлілікті сақтау үшін қандай шаралар қабылдау қажет екені туралы практикалық кеңестер ұсынылды. Мысалы, табиғатты ластамау, су мен орман ресурстарын үнемді пайдалану, сирек кездесетін түрлерді қорғау және экологиялық таза өмір салтын ұстану сияқты маңызды аспектілер талқыланды.

                                                                  Image Image Image
                                                                  • 16.01.2026

                                                                    📢Бозтал негізгі мектебінде 7–9 сынып оқушыларымен «Биоалуантүрлікті сақтау» тақырыбында экологиялық сағат өткізілді.

                                                                    👮‍♂️Іс-шара «Семей орманы» МОТР”РММ-ге қарасты Бөкебай филиалының Шадруха орманшылығының инспекторлары мен мектеп мұғалімдері бірлесіп өткізді.

                                                                    👩‍🎓👨‍🎓 Оқушыларға табиғи экожүйелерді сақтаудың маңыздылығы, орман ресурстарына ұқыпты қарау және әр адамның қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі туралы айтылды.

                                                                    🌱 Биоалуантүрлікті бүгін сақтай отырып, біз болашаққа қамқорлық жасаймыз!

                                                                    Image Image Image Image Image Image
                                                                    • 09.01.2026

                                                                      📢«Семей орманы» МОТР”РММ-де қыс мезгілінде қыстайтын құстарға арналған жем-шөптер ілу бойынша экологиялық іс-шаралар сәтті өткізілді.

                                                                      🔹Бұл іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау және құстардың қыста өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Іс-шара Бөкебай және Мало-Владимир ауылдарының мектептерінде ұйымдастырылды. Жем-шөптер құстарға азық бола отырып, олардың қыста аштан өлуінің алдын алады. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына қысқы кезеңде құстарға қамқорлық жасау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

                                                                      🌿 Қыста құстарға қамқорлық жасау – табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің маңызды бөлігі болып табылады және осындай шаралар арқылы қоғамда экологиялық мәдениеттің дамуына ықпал етіледі.

                                                                      Image Image Image Image Image
                                                                      • 08.01.2026

                                                                        📢Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы «Георгиевка орта мектебі» КММ-інде Жарма орманшылығының орман шебері Е.Б. Диканбаев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында кездесу өткізді. Бұл шараның мақсаты – оқушылар арасында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық сананы арттыру болды.

                                                                        🔹Кездесу барысында орман шебері ормандардың табиғаттағы рөлі мен маңыздылығын жан-жақты түсіндірді. Ол ормандардың биоалуантүрлілікке, яғни өсімдіктер мен жануарлардың сан алуандығына әсері туралы кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар, орман экологиясының қалыптасуы, оның қазіргі жағдайы және болашақтағы дамуы туралы түсіндіріліп, ормандарды қорғау – әрбір адамның міндеті екенін атап өтті.

                                                                        • 06.01.2026

                                                                          📢«Семей орманы» МОТР”РММ аумағында, ауыл округтеріндегі халық арасында жабайы жануарлардың құтыру ауруы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жасалды, бұл шара ауруға шалдыққан жануарларды уақытылы анықтау мақсатында жүргізіледі.

                                                                          🔹«Семей орманы» резерватының мемлекеттік инспекторлары ветеринарлық қызмет қызметкерлерімен бірлесіп, алдын алу шаралары ретінде жабайы жануарлардың жолдарында брикеттер орналастырды.

                                                                          ✅Абай облысының ветеринарлық қызметі эпизоотиялық ауруларға қарсы препараттар — «Жабайы жыртқыш жануарлардың құтыруға қарсы вакцинасы» (Lesvulpen приманкасы) жеткізді.

                                                                          Image Image Image
                                                                          • 30.12.2025

                                                                            📢Орманды қайта өндірумен айналысатын адамдар орман шаруашылығының дамуына және табиғатты сақтауға үлкен үлес қосады. Осындай адамдардың бірі – «Семей орманы» МОТР”РММ-нің Морозов филиалының қызметкері Любовь Валерьевна Чукарева.

                                                                            🔹Любовь Валерьевна 1984 жылдың 14 қарашасында Павлодар қаласында дүниеге келген. 1993 жылы отбасымен бірге Морозов орманшылығына көшіп келеді.

                                                                            👏🏻Орман мәдениетін қалпына келтіру – бұл абыройлы әрі маңызды іс, ол көп еңбек пен шыдамдылықты талап етеді. Жаз мезгілінде орман тұқымбақтарында жұмыстар қызу жүреді. Қызметкерлер бір және екі жастағы көшеттерді арамшөптен тазалап, суарады, топырақты қопсытады, тақтайшаларды тасымалдап, тұқымбақтың аралық жолдарын және аумағын күтіп бағады.

                                                                            ✨Любовь Валерьевна өз жұмысының елдің орман байлығын қалпына келтіру мен өңіріміздің табиғатын сақтау ісіне маңызды үлес қосатынына мақтанады.

                                                                            Image Image
                                                                            • 19.12.2025

                                                                              🔹Ахметжанов Нурлан Елюбайұлы, берекелі Бескарағай өңірінің мақтанышына айналған жасыл желекті орманының өсіп өнуіне септігін тигізуде. Орман шаруашылығында жұмыс істеген 30-ға жуық уақытында өзін жоғары білікті, тәртіпті және қызметтік борышына толық берілген жауапкершілігі мол қызметкер ретінде танытты.

                                                                              👏🏻Нурлан Елюбайұлы,​көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесі және таңдаған ісіне деген адалдығы үшін бірнеше рет Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің және «Семей орманы» МОТР» РММ-нің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, 2024 жылы кәсіподақ қызметіне сіңірген еңбегі үшін ҚР ФК Құрмет грамотасымен марапатталды.

                                                                              🤩Биылғы жылы «ҚР Тәуелсіздік күні» мерекесінің құрметіне «Ерен еңбегі үшін» (За трудовое отличие) мемлекеттік медалімен марапатталды.

                                                                              Image
                                                                              • 19.12.2025

                                                                                🔹Бұл күн Қазақстан халқының еркіндігі, тәуелсіздігі мен бірлігін, сондай-ақ мемлекеттің жаңа даму кезеңінің басталуының белгісі.

                                                                                Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Абай облысы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрайымы Баймағамбетова Г.К.-ның бастамасымен «Семей орманы» резерватында ұрпақтарды біріктіріп, еркіндіктің құны мен мемлекеттің болашағы үшін жауапкершілікті еске салатын маңызды кездесу өтті.

                                                                                ✅Іс-шарада тәуелсіздіктің алынуымен байланысты тарихи оқиғалардың куәсі, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының қатысушысы, еңбек ардагері, өмірлік тәжірибесі мол Орақбаев Бақыт Қалиназарұлы жастармен кездесті. Ол жылдар бойы табиғатты қорғау прокуратурасында қызмет етті. Оның өмір жолы – ұрпақтар арасындағы байланыс, жанданып тұрған тарих және жастарға үлгі.

                                                                                Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
                                                                                • 17.12.2025

                                                                                  «Семей орманы» МОТР” РММ-де қарағай бүрін жинау маусымы басталды!

                                                                                  🍃Бұл- аймақтың орман қорларын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған орман шаруашылығының маңызды кезеңі. Бүрлерді жинау — жай маусымдық жұмыс емес, орманның экологиялық жағдайына, оның биоалуантүрлілігіне және сыртқы факторларға төзімділігіне тікелей әсер ететін жұмыс.

                                                                                  ✅Маусымдық бұл жинау табиғи байлықты сақтауға және болашақ ұрпақ үшін қолайлы экологиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған стратегияның ажырамас бөлігі болып табылады

                                                                                  Image
                                                                                  • 03.12.2025

                                                                                    Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау күшейтілді

                                                                                    Қылқан жапырақты жас ағаштарды, әсіресе жас шыршаларды заңсыз кесудің алдын алу мақсатында «Семей орманы» МОТР РММ Бөкебай филиалына қарасты Бөкебай орманшылығының мемлекеттік инспекторлары тарапынан бірқатар шаралар қабылданды.

                                                                                    Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (ЕҚТА) Бөкебай филиалының аумағынан өтетін негізгі жол бойында бақылау посты орнатылды. Сонымен қатар, орман алқаптарында патрульдік жұмыстар күшейтілді, бұл жас шыршаларды заңсыз кесудің алдын алуға бағытталған.

                                                                                    Мемлекеттік инспекторлар тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде. Онда азаматтарға жаңа жылдық мереке үшін бір кешке бола шырша кесуден бас тартуға кеңес беріліп, жасанды шыршаларды немесе рұқсат құжаттары бар сауда орындарынан алынған заңды шыршаларды қолдану ұсынылуда.

                                                                                    Бұл шаралар табиғатты сақтау мен орман қорын ұтымды пайдалану мақсатында ұйымдастырылып отыр.

                                                                                    Image Image Image Image
                                                                                    • 02.12.2025

                                                                                      Жаңа жыл қарсанында қылқанжапырақты ормандарды қорғау мақсатында «Семей орманы» МОТР» РММ қызметкерлері 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қылқанжапырақты жас өскендерді қорғау шараларын күшейтті.

                                                                                      Резерват аумағында 12 бақылау бекеті орнатылды. «Семей орманы» МОТР» РММ мен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, 31 мобильді топ тұрақты түрде патрульдеу мен рейдтер жүргізуде.

                                                                                      Ескерте кетейік:

                                                                                      Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 381-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және оларға зақым келтіру жеке тұлғаларға 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер залал 50 АЕК-тен асса, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 340-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

                                                                                      Орман ресурстарына ұқыпты қарауға және заңды сақтауға шақырамыз.

                                                                                      Орман – өткен ұрпақтардан қалған табиғаттың баға жетпес сыйы. Оны сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

                                                                                      Егер сіз заң бұзушылықтың куәсі болсаңыз, келесі номерлерге хабарлауыңызды сұраймыз: 8(7222)777 321, 8 (7222) 777354, 8 771 238 8368

                                                                                      Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
                                                                                      • 01.12.2025

                                                                                        🚨Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!

                                                                                        ‼️Алдағы мерекелер қарсаңында, табиғатымызды қорғау мақсатында шыршаларды заңсыз кесуге қатаң тыйым салынады. Бұл орман ресурстарын сақтау, экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету және келер ұрпаққа таза табиғатты жеткізу үшін маңызды шара.

                                                                                        🌲Шырша— орманның ажырамас бөлігі, олар ауаны тазартып, көптеген жануарлардың мекеніне айналады және табиғаттың тепе-теңдігін сақтайды. Сондықтан оны ойланбастан кесуге болмайды.

                                                                                        • 01.12.2025

                                                                                          🌿 "Беген" филиалында экосағат өтті! 🌿

                                                                                          Бүгін "Семей орманы" МОТР РММ Беген филиалында оқушылармен бірге биоалуантүрлілікті сақтау тақырыбында танымдық эко сағат ұйымдастырылды.

                                                                                          Іс-шара барысында балалар табиғаттағы әрбір жан-жануар мен өсімдіктің маңызы, олардың адам өміріндегі рөлі туралы мол ақпарат алды. Қызу сұхбат, экологиялық ойындар мен қызықты фактілер оқушылардың экологияға деген қызығушылығын арттырды.

                                                                                          Image Image
                                                                                        • 20.11.2025

                                                                                          📢Мороз филиалының Полянское орманшылығы мен Коянбай орта мектебі бірлесе отырып, «Биоалуантүрлілікті сақтау – басты міндет» атты ашық тәрбие сағаты өткізді.

                                                                                          📢Мороз филиалының Полянское орманшылығы мен Коянбай орта мектебі бірлесе отырып, «Биоалуантүрлілікті сақтау – басты міндет» атты ашық тәрбие сағаты өткізді.

                                                                                          📢Мороз филиалының Полянское орманшылығы мен Коянбай орта мектебі бірлесе отырып, «Биоалуантүрлілікті сақтау – басты міндет» атты ашық тәрбие сағаты өткізді.

                                                                                          Image Image Image Image Image
                                                                                        • 18.11.2025

                                                                                          📢«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты жоғары оқу орындарымен және қоғамдық ұйымдармен белсенді ынтымақтасып, ағартушылық және экологиялық жұмыстарға, сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыруға ерекше көңіл бөледі.

                                                                                          🔹 Alikhan University базасында өткен халықаралық «Eurasian Climate Talks» шарасы аясында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты ормандардағы өрттерді болдырмау және сөндіру тәжірибесімен бөлісті. Климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналаған бұл шараны Германия Елшілігі және Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды.

                                                                                          ✅10 қарашада Семейлік үш жоғары оқу орнының студенттері, оның ішінде шетелдік қатысушылар, резерватқа келіп, орманды өрттен қорғаудың қазіргі әдістерімен танысты. Мамандар өртті мониторингілеу жүйесі, орман өрт сөндіру станциясының әрекет алгоритмі және профилактикалық шаралар туралы баяндады.

                                                                                          📌Әсіресе, өртке қарсы бригада дайындығы мен шығуын көрсетуге арналған практикалық демонстрация кезі студенттер үшін ерекше қызығушылық туғызды. Студенттер өрт сөндірушілердің жедел киіну нормалары мен шақыртуға оперативті түрде шығу, сондай‑ақ өрт сөндіру техникасымен шығу көріністерін тамашалады.

                                                                                          🖇️Бұл экскурсия студенттер үшін іс жүзіндегі экология сабағына айналды. «Семей орманы» резерватында алынған практикалық тәжірибе орманды қорғаудың маңыздылығын және заманауи технологиялардың осы бағыттағы рөлін түсінуге көмектеседі. Мұндай кездесулер жастары табиғатқа мұқият болуға және оны сақтауға ынталандырады.

                                                                                          Image Image Image Image Image Image
                                                                                        • 12.11.2025

                                                                                          📢Бүгін «Семей орманы» МОТР” РММ -де табиғи кешендерді, биоәртүрлілікті сақтау және пайдалану жөніндегі мәселелермен байланысты Ғылыми-техникалық кеңес өтті.

                                                                                          🔹Кеңес, «Семей орманы» МОТР” РММ-нің бас директоры Әметов Қазбек Қасымұлының басшылығымен ғылыми есептерді, ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарды қарастыру және бекіту үшін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру мақсатында ұйымдастырылды.Бұдан бөлек, ҒТК-нің негізгі мақсаттарының бірі- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын тиімді жүзеге асыру үшін орман мәдениеттерінің жақсы бейімделуін қамтамасыз ету.

                                                                                          ✅Кеңес барысында «Семей орманы» резерватындағы ормандарында отырғызу материалдарының сапасын арттыру және топырақтың құнарлылығын жақсарту бойынша тиімді шараларды қалыптастыру туралы мәселелер талқыланып өтті.

                                                                                          🖇️Отырыста «Семей орманы» резерватының қызметкерлері орман мәдениеттерінің 10 жылдық бейімделуінің талдауына баяндама жасады. Сонымен қатар, жиналысқа «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» және «Республикалық микроорганизмдер коллекциясының» басшылары мен қызметкерлері тарапынан да баяндама жасалып, пікір білдіре өтті.

                                                                                          📌Жиын нәтижесінде отырысқа қатысқан жоғары оқу орындары және ғылыми зерттеу институттары тарапынан ұсыныстар жүргізіліп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

                                                                                          Image Image Image Image Image Image

                                                                                        • 10.11.2025

                                                                                          🍃«Семей орманы» МОТР» РММ басшылығы Тау-Далы филиалының орманшылықтарын аралады. Орман өрт сөндіру станцияларының техникамен жабдықталуы мен техникалық жай-күйі тексерілді, орманды қалпына келтіру және қорғау жұмыстарының барысына бақылау жүргізілді. Филиал қызметкерлерімен жиналыс өткізіліп, онда өзекті және қызметкерлерді толғандыратын мәселелер талқыланды.

                                                                                          🔹Сапар қорытындысы бойынша филиал мен орманшылықтардың басшылық құрамына орман заңбұзушылықтарын анықтау мен жолын кесу бойынша орман күзеті жұмыстарын күшейту, жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мәселелерін қарастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

                                                                                          Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
                                                                                        • 10.11.2025

                                                                                          🔷 Күзгі және көктемгі кезеңдерде, жабайы жануарлар микроэлементтердің жетіспеушілігін ерекше сезінетін уақытта, «Семей орманы» МОТР» РММ қызметкерлері маңызды биотехникалық шаралардың бірі – тұз жалақтарын жаңарту жұмыстарын жүргізеді.

                                                                                          ☑️ Тұз – орман тұрғындарының азығында аса қажетті құрамдас бөлік болып табылады. Оның құрамында жануарлардың зат және су-тұз алмасуының, мүйіздердің өсуінің, сүйек тіндерінің беріктігінің және ұрықтың дамуының қалыпты жүруі үшін қажетті маңызды микроэлементтер бар. Тұздың жетіспеушілігі жануарлардың денсаулығына кері әсерін тигізеді.

                                                                                          🦌 Орман және жануарларға қамқорлық жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз!

                                                                                          Image Image Image Image Image Image Image
                                                                                        • 18.10.2025

                                                                                          📢«Семей орманы»”МОТР РММ өртке қарсы жаңа техникалармен қамтылды.

                                                                                          ✅2025 жылғы 17 қазанда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына өртке қарсы техникаларды табыстады.

                                                                                          👏🏻Өрт сөндіру көліктері орман шаруашылығы мамандарының қатысуымен және орман өрттерін сөндіру тәжірибесін талдау негізінде жасалды.

                                                                                          Техниканың құрылымы орманды жерлерде жұмыс істеу жағдайларына бейімделген және қауіпсіздік пен тиімділікке қойылатын заманауи талаптарға толық сай келеді.

                                                                                          Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
                                                                                        • 17.10.2025

                                                                                          ✨"Семей орманы" МОТР" РММ кәсіби мерекемен құттықтайды.

                                                                                          📢«Семей орманы» резерватында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған концерттік іс-шара өтті. Атаулы күн барша табиғат байлықтарын қорғап, оларды өсіру мен көбейтуге еселі еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерінің құрметіне арналды. Бұл мереке орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін дәріптеп, олардың табиғатқа деген жауапкершілігін атап өтеді.

                                                                                          🤩Іс-шарамыздың төрінен «Семей орманы» резерватының ұжымы, жылдар бойы орман шаруашылығына сүбелі үлес қосқан ардагер орманшылар мен саламыздың білікті мамандары орын алды. Бұдан бөлек, мерекелік шараға «Семей орманы» мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесімен ынтымақтастық орнатып отырған білім ордалары қонақ ретінде шақырылды.

                                                                                          👏🏻Орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі – бұл тек кәсіби міндет қана емес, сонымен қатар еліміздің табиғи байлықтарын сақтап, дамытудағы азаматтық парыз. Бұл күн олардың қажырлы еңбегін бағалап, алғыс білдірудің және табиғат қорғау ісіне қоғамның назарын аударудың маңызды символы.

                                                                                          Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
                                                                                        • 14.10.2025

                                                                                          🍃«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты РММ бірлесіп, «Қазавиорманқорғау» РМҚК-ның Бөкебай және Бородулиха авиациялық бөлімшелерімен бірге тұрақты түрде Airbus Helicopters H125 тікұшағымен мемлекеттік орман қоры аумағында әуе патрульдеуді жүргізеді.

                                                                                          ❗️Әуе патрульдеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылау, сондай-ақ ормандарды қорғау және сақтау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.

                                                                                          🔹Мұндай іс-шаралар заңсыз ағаш кесу фактілерін және орман экожүйесіне қауіп төндіретін өзге де жағдайларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

                                                                                          Орманды сақтау – болашақты сақтау!

                                                                                          Image
                                                                                        • 09.10.2025

                                                                                          📢«Халық орманы» жобасы аясындағы ЕҢ АЛҒАШҚЫ көшеттер «Семей орманы» “МОТР РММ-де отырғызылды.

                                                                                          🌱Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Halyk» қайырымдылық қоры арасында орнаған меморандумға сәйкес, «Халық орманы» экологиялық жобасы аясында көшеттер отырғызу рәсімі өтті.

                                                                                          👏🏻«Халық орманы» жобасының ең алғашқы көшеттері «Семей орманы» резерватында отырғызылды. Бұл жасыл бастаманың негізі кәдімгі қарағай көшеттері – табиғаттың жаңаруына жаңа серпін беріп, жасыл желекке толы болашақтың негізін қалайды. Әрбір көшет – еліміздің экологиялық тұрақтылығын нығайтып, келер ұрпаққа таза табиғат сыйлаудың жарқын символы.

                                                                                          ✅Жоба шеңберінде болашақ ұрпақты таза ауа мен жасыл орман қорымен қамтамасыз ету мақсатында алдағы 5 жылда «Halyk» қайырымдылық қорының демеушілігімен 4 миллионнан астам қарағай көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Аталған жоба еліміздің орман қорларын қалпына келтіруді және жасыл белдеулерді кеңейту арқылы экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен жақсартуға бағытталған бастама болып табылады.

                                                                                          Image Image Image Image Image Image Image
                                                                                        • 30.09.2025

                                                                                          ✨ Семей қаласы М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде Еңбек күні мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Еңбек жастары-2025» фестивалі өтті.

                                                                                          🏅 Пленарлық отырыста еңбегімен ерекшеленген үздік жастар марапатталды. Олардың арасында «Семей орманы» “ МОТР РММ мамандары: Семей филиалының орман өрт станциясының бастығы- Төлебеков Максат пен Жаңа Семей филиалының аудармашысы- Мадалиева Ақмарал бар. Фестиваль еңбек жастарының болашағы үшін энергия, мотивация және жаңа идеялар алаңы болды.

                                                                                          🥳Әріптестерімізді құттықтай атырып, еңбектеріңіз жана берсін деген тілектеміз!

                                                                                          Image Image
                                                                                        • 30.09.2025

                                                                                          📢«Семей орманы» “МОТР РММ қызметкерлері “Таза Өлке” акциясын белсенді жалғастыруда.

                                                                                          🍃 Акция аясында Долон филиалының ұжымы аумақты тазалау және көркейту жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер қоқыстарды жинап, орман аймағын ретке келтіріп, экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосуда. Бұл шара қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты сақтау мақсатында ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар мен қызметкерлердің экологиялық санасын арттыруға бағытталған.

                                                                                          👏🏻«Таза Өлке» акциясы арқылы «Семей орманы» ұжымы табиғатқа құрметпен қарап, оның тазалығын қамтамасыз етуге ұмтылуда.

                                                                                          Image Image Image Image Image Image Image Image Image
                                                                                        • 29.09.2025

                                                                                          📢 «Семей орманы»” МОТР РММ-ге қарасты Канонерлік филиалы «Таза Өлке» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын өткізді.

                                                                                          🔹Акция барысында филиал қызметкерлері мен еріктілер бірге қоқысты жинап, орман массивтері мен маңайдағы аумақтарды абаттандырды. Бұл шара экологиялық мәдениетті арттыруға, табиғи мұраны сақтауға және қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталды. Ерекше қорғалатын аумақтардың ластануын болдырмауға ерекше көңіл бөлінді, бұл өңірдегі биоәртүрлілікті сақтау мен экологиялық тепе-теңдікті қолдауға ықпал етеді.

                                                                                          ✅Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде орман шаруашылығы учаскелері таза әрі ұқыпты болып, экожүйелердің саулығына және келушілердің жайлы болуына оң әсер етеді. «Семей орманы»” МОТР РММ филиалдары табиғатты қорғау және экологиялық бастамаларға қоғамның қатысуын арттыру бағытындағы белсенді жұмыстарын жалғастыра береді.

                                                                                          Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
                                                                                        • 22.09.2025

                                                                                          🌳«Семей орманы» МОТР” РММ тұқымбағында кәдімді қарағай көшеттерін түгендеу жұмыстары жалғасуда.

                                                                                          ✅ “Семей орманы” қызметкерлері мемлекеттік орман қорында салынған кәдімді қарағай көшеттерінің саны, сапасы бойынша көрсеткіштерін сипаттау және анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

                                                                                          🔹Бұл жұмыс көшеттердің жағдайын бағалап, болашақта тұқымдық материалдың тұрақты және жоғары сапалы өндірілуін қамтамасыз етуге бағытталған .

                                                                                          Image Image Image
                                                                                        • 17.09.2025

                                                                                          "Семей орманы" МОТР" РММ зейнеткерлерді отынмен қамтамасыз ету жұмыстарын бастады.

                                                                                          ✅Бұл іс-шара ұжымдық шарттың 6.24-тармағына сәйкес жыл сайын дәстүрлі түрде жүзеге асырылуда. Зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайын қолдау және қысқы маусымға дайындық мақсатында отын (отындық ағаш) беру жұмыстары ұйымдастырылды.

                                                                                          🔹«Семей орманы» ұжымы әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, зейнеткерлерге қолдау көрсетуге және олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлуде. Осы іс-шаралар арқылы ұйым тұрғындар мен зейнеткерлерінің әл-ауқатын арттыруға ұмтылуда.

                                                                                        • 17.09.2025

                                                                                          «Семей орманы» МОТР” РММ-де жабайы жануарлар су ішетін орындарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

                                                                                          ✅Жануарлар су ішетін орындарды тазалау – жануарлардың денсаулығын сақтау және су сапасын қамтамасыз ету үшін маңызды процесс. Бұл орындардан жабайы жануарлар көктемнен күзге дейін су ішіп тұра алады.

                                                                                          🔹Жануарлар су ішетін орындарын жүйелі және дұрыс тазалау олардың денсаулығын сақтап, аурулардың таралуын болдырмайды.

                                                                                          Image Image Image Image
                                                                                        • 11.09.2025

                                                                                          «Семей орманы» МОТР” РММ тұқымбағында кәдімді қарағай көшеттерін түгендеу жұмыстары басталды.

                                                                                          ✅Семей өңіріндегі кәдімді қарағай көшеттері – орманшылық шаруашылықтың маңызды көзінің бірі. Соңғы кезеңде мемлекеттік орман қорында салынған кәдімді қарағай көшеттерінің саны, сапасы бойынша көрсеткіштерін сипаттау және анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Семей өңіріндегі кәдімді қарағай көшеттері – орманшылық шаруашылықтың маңызды көзінің бірі. Соңғы кезеңде мемлекеттік орман қорында салынған кәдімді қарағай көшеттерінің саны, сапасы бойынша көрсеткіштерін сипаттау және анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

                                                                                          🔹Бұл жұмыс көшеттердің жағдайын бағалап, болашақта тұқымдық материалдың тұрақты және жоғары сапалы өндірілуін қамтамасыз етуге бағытталған.Бұл жұмыс көшеттердің жағдайын бағалап, болашақта тұқымдық материалдың тұрақты және жоғары сапалы өндірілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

                                                                                          Image Image Image Image Image
                                                                                        • 11.09.2025

                                                                                          «Семей орманы» МОТР” РММ мекемесінде «eOtinish» жүйесі аясында қызметкерлерді оқыту семинары өтті. Аталған шараны «Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» бөлім басшысы- Айбек Мұратұлы және прокурор- Абзал Серікұлы өткізді. Естеріңізге сала кетейік «eOtinish» − азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған ақпараттық жүйе. Мақсат «Заң және тәртіп» аясында азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің біріңғай платформасы бойынша оқыту. Оқыту барысында платформадағы жұмыс тәртібі,өтініштерді тіркеу және өңдеу үрдістері, сондай-ақ жиі кездесетін мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

                                                                                          Image Image Image Image Image Image Image Image Image
                                                                                        • 05.09.2025

                                                                                          “Семей орманы” МОТР” РММ бас директоры Қазбек Әметов Бесқарағай аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев өткізген жиынға қатысты. Аталған жиын барысында ауыл тұрғындарының қысқы жылу мәселелері өзекті тақырыптардың бірі ретінде қаралды. Қысқы қорды құру және жылыту маусымына дайындық негізінде отынмен қамтамасыз ету жұмыстары қарастылып, шешімін тапты. Кездесуге «Семей Орманы» МОТР” РММ-нің Бесқарағай ауданына қарасты 6 филиалының директорлары да бой көрсетті. Шара аясында Қазбек Қасымұлы мен полиция қызметкерлері, өрт сөндіру қызметі мен шекара күзеті қызметкерлері арасында келісім орнады. Бұл табиғат аясына төнер қауіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, талқыланған тақырыптар аясында орман алқабындағы тұқымбақтардың кеңейтілу жұмыстары, көшеттердің жағдайын бағалау сынды тұқымдық материалдың сапалы өндірілуін қамтамасыз етуге бағытталған сұрақтарға жауап алынды. Ескере кететін жәйт, «Семей орманы» МОТР” РММ-і жаңа техникалармен толықтырылды және алдағы уақытта орман алқабына тың өзгерістер мен инвестиция құю қолға алынады.

                                                                                          Image Image Image Image Image Image Image
                                                                                        • 05.09.2025

                                                                                          «Семей орманы» МОТР” РММ-сінде орман шаруашылығы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге «Семей орманы” МОТР” РММ-нің бас директоры Қазбек Әметов, Абай облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Қуаныш Сулейменов, Семей қаласының Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Кенжебай Бердикенов, «Семей орманы» МОТР” РММ-нің ардагерлер кеңесінің төрағасы Бахтияр Қайдаров, Абай облысының Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағының төрайымы Гульсара Баймағамбетова, «Семей орманы» МОТР” РММ бас директорының орынбасары Дияс Джумабеков және Резерваттың орман шаруашылығы ардагерлері қатысты. Кездесу жылы атмосферада өтті. Ардагерлер орман саласындағы өз еңбектері туралы айтып, орман дақылдарының жерсінуі көрсеткіштерін арттыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Олар Резерват аумағында жапырақты ағаш түрлерін өсіру мүмкіндігі, реликті қарағай орманын сақтау қажеттілігі туралы ұсыныстарын айтты. Кездесу барысында орман саласындағы кадр тапшылығы, қызметкерлердің жалақысы, ардагерлерді қысқы отынмен қамтамасыз ету, Резерват орманшылықтарының қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту мәселелері қозғалды. Резерват ардагерлері Абай облысы Кәсіподақтар орталығы атынан Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды. Кездесу соңында «Семей орманы» МОТР” РММ-нің бас директоры Қазбек Әметов ардагерлерге өңірдің орман шаруашылығын дамытуға қосқан зор үлестері үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде ардагерлер Резерватқа алдағы уақытта табысты даму тілеп, жас орманшылар буынына жан-жақты қолдау көрсетіп, көмектесуге дайын екендіктерін жеткізді.

                                                                                          Image Image Image Image Image Image Image Image
                                                                                        • 02.09.2025

                                                                                          Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Семей орманы» МОТР» РММ еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шараларға белсене қатысуда. Бұл бағыттағы жұмыстарды Резерват Абай облысының жергілікті атқарушы органдармен, еріктілермен, Білім бөлімдерімен, Жастар ресурстық орталықтарымен, «Шәкәрім Университет» студенттерімен, мемлекеттік мекемелерімен тығыз ынтымақтастықта жүргізеді. Ағымдағы жылдың басынан бастап акция аясында резерват қызметкерлері 40 тоннадан астам қоқыс жинап, 10 бұлақты тазартты. Резерват қызметкерлері филиалдар мен орманшылықтардың аумақтарын тазарту бойынша сенбіліктерді, сондай-ақ іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстарын тұрақты түрде өткізеді. «Таза Қазақстан» акциясы – бұл азаматтық жауапкершіліктің және туған елге деген сүйіспеншіліктің символы.

                                                                                          Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
<

Мемлекеттік рәміздер

Қызмет

  • Табиғи кешендерді қалпына келтіру бөлімі

    "Семей Орманы" МОТР"РММ филиалдары бойынша қарағай бүршігін дайындау мен өңдеу көлемінің орындалуын бақылау. Орман мәдениеті жұмыстарына дайындық. Жылыжайларда тұқым егу үшін орман питомнигі кешені мен орман тұқым станциясын дайындау барысын есепке алу. Көшет материалын өсірудің заманауи озық әдістерін әзірлеу және питомниктерде жоспарланған көшет материалын алу үшін шаралар мен іс-шараларды әзірлеу. Филиалдардағы питомниктерде көшет материалын қазып алу сапасын және көктемде ашық тамыр жүйесі бар орман дақылдарын отырғызуды, күзде кассеталардан көшеттерді алу және жабық тамыр жүйесі бар орман дақылдарын жасауды тексеру. Қарағай көшеттерін отырғызу кезінде орман дақылдарының жобаларын сақтау. Резерват филиалдарының питомниктерінде қарағай тұқымын себу сапасын тексеру.

  • Табиғи кешендер және объектілерді қорғау қызметі бөлімі

    Жылдар бойынша өрт қауіпті маусымдардың қорытындыларын талдай отырып, өрт саны табиғи-климаттық факторларға айтарлықтай тәуелді екенін атап өткен жөн. Ал өрттің ауданы орман күзеті мен өртке қарсы жасақтардың жедел әрекеттеріне байланысты. Орман өрттерін дер кезінде анықтау және сөндіру мақсатында резерват аумағында 30 орман өрт станциясы жұмыс істейді. Жыл сайын ірі орман өрттерін сөндіру кезінде күштер мен құралдардың өзара іс-қимылдарының жедел жоспарлары аудандық және қалалық әкімдіктермен, ШҚО ТЖ департаментімен әзірленеді, келісіліп, бекітіледі. Орман өрттерінің алдын алу, анықтау, сөндіру және өзара көмек көрсету бойынша Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Орман шаруашылығы басқармасымен және Табиғи ресурстар және экология бас басқармасымен екіжақты ынтымақтастық туралы келісім қолданыста. Жыл сайын алдын алу өртке қарсы іс-шаралар жүргізіледі: минералданған алқаптар жасау, минералданған алқаптарға екі рет күтім жасау, бақыланатын өрт қою, мемлекеттік орман қоры шекарасында шөп шабу, өртке қарсы алқаптарды, кварталдық жайылым жолақтарын шабу, аумақты тазалау және тағы басқалары.

    • Туризм және рекреация бөлімі

      Туризм және рекреация бөлімі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – резерват) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімнің негізгі мақсаты – экологиялық тұрғыдан тұрақты туризмді дамыту, қауіпсіз туристік маршруттарды ұйымдастыру және резерват аумағында демалуға жайлы жағдай жасау. Негізгі жұмыс бағыттары: Туризмді дамыту және ілгерілету, Туристік маршруттарды (соқпақтарды) ұйымдастыру және бақылау, Демалыс орындарының абаттандырылуын бақылау, Экологиялық жобалармен жұмыс істеу, Туристік компаниялар және мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау, Туристерге ақпараттық қолдау көрсету.

      • Ғылым және мониторинг бөлімі

        «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қорғалатын табиғи кешендерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу және «Табиғат шежіресі» кітабын жүргізу; Канонер филиалының орман питомнигі кешені мен орман тұқым станциясының жылыжайларында жабық тамыр жүйесі бар қарағай көшет материалының 3-ротациясының өсу және даму ерекшеліктерін зерттеу; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғатты қорғау мекемелерінің негізгі қызметі – «Табиғат шежіресі» бойынша экологиялық жүйелер мен жекелеген табиғи нысандардың мониторингін жүргізу болып табылады. Осы мақсатта "Семей Орманы" МОТР"РММ аумағында метеорологиялық және фенологиялық бақылаулар жүргізіледі, абиотикалық ортаның элементтерінің жай-күйі мен өзгеру динамикасына стандартты бақылаулар, жануарлар тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар, сондай-ақ антропогендік факторлардың ЕҚТА табиғи кешендеріне әсері бақыланады. «Табиғат шежіресі» кітабына енгізу үшін бастапқы деректерді аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жинап, бақылау күнделіктеріне енгізеді. Филиалдардағы деректерді жинақтау жұмыстарын, тікелей орманды қалпына келтіру және орман шаруашылығы іс-шараларымен қатар, орман шаруашылығы инженерлері жүзеге асырады.

        Табиғат пайдалану бөлімі

        Бөлімнің негізгі міндеттері: Табиғат пайдалануды басқаруды қамтамасыз ету; Орман ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жүктелген міндеттерді орындау үшін бөлім мамандары: Орман ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, оларды ғылыми негізделген нормативтерге сүйене отырып жүзеге асырады; Орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасына, кесуге арналған орман учаскелерін бөлу жұмыстарына, орман учаскелерін игеру мен филиалдардағы қоймаларда ағаш материалдарын есепке алуға бақылау жүргізеді; Орман өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді; Шектеулі шаруашылық қызметтің көлемдік бөлігі бойынша кірістер мен шығыстар жоспарларын әзірлеу және олардың орындалуына бақылау жүргізеді; «Орман билеттерін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге бақылау жүргізеді; Филиалдардың қызметін орман заңнамасының нормалары мен ережелерін сақтау тұрғысынан, кесу учаскелерінің бөлу материалдарына сәйкестігін, игеру кезінде жас шыбықтар мен жас ағаштардың сақталуын тексеруді қамтамасыз етеді; Бөлім құзыреті шегіндегі барлық мәселелер бойынша есеп пен есептілікті жүргізеді.

Галерея

Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image